Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5919 1 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 09:44

Сынақ

Бұрынғылар "қойныңдағы қатының мен астыңдағы атыңа сенбе" деген ғой. Қазір сол екеуінен бөлек жаныңдағы жолдасыңа да сенуге болмайды.

Жолдас деймін-ау, жақын туысыңның өзіне арқа сүйерде əуелі байқап қарап алған жөн. Бұл айтқанымыз күн өткен сайын дəлелін күшейтіп жатыр. Əсіресе, сəл əлсіреп қалсаң жаныңнан жан таппай қалатын заман бүгін.

Айтайын дегенім айналасындағы адамға үнемі жақсылық жасап, көмек қолын созып жүретін жақыным бар. Анау енді, білегін түріп тастап, ынта-шынтасымен жəрдемін бергенде өзге емес, өзінің жұмысын жасап жатыр екен деп қалатынмын.

Жолда қалған көлікке арнайы тоқтап, жағдайын біліп, керек-жарығын пəленбай шақырым жерден əкеліп беріп, көлігін жөндеп қатарға қосқанын талай көзімізбен көрдік. Ал, айналасындағы достарының мұнсыз тірлігі бітпейтін. Қит етсе телефон шалып, шаруаларын айта кететін. Тіпті, ел-жұрт "пəленшенің балаларының арасында ең тəуірі осы баласы" деп əңгіме қылатын.

Сөйткен бауырым аз уақыттың ішінде бар абыройынан айрылып, сынақтың үлкеніне жолықты. Өзі де біраз адамды алдап, сенімнен жұрдай болды. Қырсық шалып ісі бір алға тартпады. Баланың сүрінгенін күткендей екен, елде шулай жөнелді. Ағайын да алыстады. Достары басқа дос іздеп кетті. Əйтеуір теріс айналған адамның қарасы көп.

Сонда деймін де... Баяғы бауыр, дос, жора-жолдас қайда кетті? Тексіздігін табан астында көрсете салды ма? Əлде, солай болуын күтіп жүрді ме? Неде болса бірге жүргендерінің күн үшін жүргенін көрді. Бəлкім соны көруі үшін де сыналған болар...

Елдос Жүсіп

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371