Жұма, 15 Мамыр 2026
4472 3 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 10:25

Адам құқықтары күні АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеме жасады

АҚШ мемлекеттік департаменті Халықаралық Адам құқықтары күніне орай мәлімдеме жасады. 69 жыл бұрын, 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияны қабылдаған.

Бұл халықаралық құжат Жер бетіндегі барлық адамның құқықтарын сыйлауға негізделген. Декларацияда адам құқықтарын қорғау – еркіндіктің, әділеттіліктің және бейбітшіліктің негізі деп бекітілген.

"Шиеленіс ошағынан қашамын деп жатта қалып қойғандарға, репрессивті үкіметпен күресіп жүргендерге немесе өзгелер үшін қаналып жатқандарға жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясы "үміт шамшырағы" болып қала береді",- делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемеде.

Құрама Штаттар барлық мемлекетті декларацияда жазылған барлық құндылықтарды сақтап, бәріне бірдей қолдануға шақырады. Егер әрбір адам өзін дамытып, ісін жүзеге асыра алса, әлем барынша қауіпсіз болады, әрбір мемлекет тирандардан азат етіледі делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан мәлімдемеде.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2763
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1877