Сенбі, 23 Қараша 2024
4219 4 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 10:46

Назарбаев Бас мүфтиге діндегі мемлекет рөлі туралы ескертті

Қазақстан президенті Нұрсұллтан Назарбаев Астанада елдің Бас мүфтиімен кездесіп, діни қатынастарды реттеуде мемлекеттің рөлі зор екенін айтты.

Мемлекет басшысы мүфтиге дайындалып жатқан діни қызмет туралы заң жобасының негізгі қағидаларын елге насихаттауды тапсырды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Серікбай Оразбен кездесуде президент "азаматтардың діни бостандығын қамтамасыз ету үшін мемлекет қажеттінің бәрін жасады" деді.

Қазақстан Конституция бойынша зайырлы мемлекет екенін еске салған Назарбаев "дәстүрлі ханафилік мазхаб ағымының ілімін дәріптеу үшін білікті имамдарды" тарту қажеттігін атап өткен.

"Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сән үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек", - деді ол.

Биыл сәуір айында Назарбаев ҚМДҚ өкілдерімен кездесуде сақал қою мен шалбар балағын қысқартуға заңмен тыйым салу керек деген еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434