Сенбі, 23 Қараша 2024
3080 0 пікір 21 Желтоқсан, 2017 сағат 09:46

Түркіменстан билігі жаңажылдық мерекеге дайындалып жатыр

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің жаңажылдық мерекені "ең жоғары деңгейде атап өту" жөніндегі бұйрығынан кейін, Ашхабад мектептерінде президент шыршасына қатысатын оқушылар тізімін анықтап жатыр.

Сонымен бірге оқушыларды ертіп баратын мұғалімдерді де іріктей бастаған. "Жыл сайын шараларға мәжбүрлеп қатыстыру, мерекелік көңіл-күйді түсіріп жібереді. Жаңа жылды отбасымызбен қарсы алудың орнына, суық күнде далада жүреміз", - дейді 30 жастағы мұғалима.

Оның сөздерінше, мейрам алдында базарда азық-түлік, шаруашылық тауарлары қымбаттаған, ал ең керек ұн, қан, өсімдік майын сөрелерде жоқ.

Қазіргі кезде астананың кейбір дүкендерінде тапшы болып келген азық-түлік біртіндеп пайда бола бастаған. Тек шектеулі түрде. Мәселен, арнаулы әлеуметтік дүкендерде газды алкогольсіз сусындар сатылып жатыр. Бағасы нарықтағыдан екі есеге төмен. Бірақ әр адамға 2 бөтелкеден ғана беріледі. Ал еттің бағасы екі есеге өскен. Осыған дейін бір келісі 18 манаттан (5 доллар шамасында) сатылса, қазір 22 манатқа көтерілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394