Жұма, 22 Қараша 2024
4228 0 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 09:39

Тәжікстан Ұлттық банкі көлеңкелі ақшаны заңдастыруға қарсы күресте жауапты болмақ

Тәжікстанның Ұлттық банкі "Қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі" заңды жүзеге асыруда жауапты болады. Тәжікстан мемлекет басшысы Эмомали Рахмон осындай шешім шығарды.

Биыл көктемде Тәжікстанның Ұлттық банкі ауыр қылмысы үшін іздеуде жүрген 200 адамның аты-жөні мен тыйым салынған 15 ұйымды жариялады. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарды аталған тұлғалармен қаржылай ынтымақтастық жасауды тоқтатуға шақырған.

Ұлттық банк өкілі "қара" тізімге енгендердің активтері бұғатталғанын айтады. Олар заңсыз келген ақшаны заңдастырмақ болған дейді. "Қара" тізім Financial Action Task Force (FATF) халықаралық ұйымның талап етуімен жасалған.

"Қара" тізімге Тәжікстандағы исламның жаңғыруы, "Группа 24", "Еркін Тәжікстан", "Ағайынды мұсылмандар", "Ислам мемлекеті", "Әл-Каида", "Джамаат Ансоррулох", "Өзбекстанның ислам қозғалысы" секілді ұйымдар енген.

Көлеңкелі қаржыны заңдастыруға қарсы заң 2011 жылдың 25 наурызында қабылданған. Бірақ соған қарамастан Тәжікстанда қылмыстық жолмен келген қаржыны заңдастыру жолы кең таралған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315