Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6071 0 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 09:56

«Зорлық- зомбылықсыз өмір» жобасы жайлы не білесіз?

«Өмір жолы» Қоғамдық қоры осы жылы қазан айында «Зорлық- зомбылықсыз өмір» атты жоба аясындағы жұмыстарын бастап кеткен болатын. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен жүзеге асып отырған бұл жоба тұрмыстық жағдайда зәбір көрушілерді қорғау және оларға құқықтық- медициналық көмек көрсетуді мақсат етеді. Зәбір көрушілерле жедел түрде көмек көрсету үшін арнайы заманауи технологиялар қарастырылған. Арнайы жасақтандырылған дабыл түймесін басу арқлы зәбірленуші өзіне жедел түрде көмек шақыра алады.

Сонымен қатар қордың сайты 24 сағат бойы тұрмыстық жағдайда зәбір көрушілердің арыз- шағымын қабылдап, оларға заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Әрине, бір ғана қор осындай ауқымды жобаны жалғыз өзі жүзеге асыра алмайды. Сондықтан ҚР Бас прокуратурасы , ҚР ІІМ, мен «Қазақстан кризис орталығының Одағы», Тұрмыстық зәбір көрушілерге қолдау көрсететін мемлекеттік орталықтар, «RGL» ЖШС , «KT Cloud Lab» ЖШС, «Акцент Микросистемс» ЖШС секілді серіктестер осы жоба аясында ел азаматтарының құқығын қорғауға дайын отыр. Азаматтық мемлекетте әр адамның құқығы қорғалуы тиіс. Сонда ғана біз дамыған әрі қуатты мемлекет жасай аламыз.

Ең бастысы азаматармыз өзінің құқығын заңгерлер тарапынан барынша қорғауға дайын қоғамдық ұйымдар мен қорлар және орталықтар бар екенін білуі тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321