Қостанайда қазақ ұлт аспаптары оркестрі енді құрылды, Елубай Өмірзақовқа ескерткіш әлі жоқ
Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерт залы. маусым, 2009 жыл.
Биылғы жылы Қостанай облыстық филармониясының концерт залы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жақында қостанайлықтар жаңадан құрылған өнер ұжымы - қазақ ұлт аспаптары оркестрінің тұсау кесер концертін тамашалады. Ал халық артисі болған Елубай Өмірзақовқа ескерткіш орнатуды ешкім ойлар емес.
Қостанайда бұдан бұрын құрылған «Ақ желең» ансамблінің әртістері қазақ ұлт аспаптары оркестрінің негізін қалады. Оркестрді басқаруға көптеген музыкалық аспаптарды меңгерген жас маман, Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі Берік Оразалин шақырылды.
Оркестрдің репертуарында қазақтың ұлы күйшілері мен қазіргі заман композиторларының шығармалары, халық әндері, Батыс Еуропа мен орыс композиторларының туындылары, әлем халықтарының вокальдық шығармалары бар. Көрермендер күй атасы Құрманғазының ”Серпер”, “Сарыарқа” секілді серпінді күйлерімен бірге әлем музыкасының озық үлгілерін тыңдауға мүмкіндік алды.

“Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының құрамында бұған дейін он сегіз ұжым өнер көрсетіп келген еді. 1992 жылы филармония басшылығы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияға жастардың фольклорлық-этнографиялық ансамблін құру туралы ұсыныс жасағанда, консерватория ректораты бұл идеяны қолдап қана қоймай, қажетті маман кадрлармен қамтамасыз еткен болатын. Сөйтіп, алғашқы ұлттық аспаптар ансамблінен басталған жақсы іс енді дербес ұлт аспаптар оркестрін құрумен аяқталды. Оркестрдің көрермендердің ризашылығына және ыстық ықыласына бөленген тұсау кесер концерті солтүстік аймақта Қостанайдың музыкалық орталыққа айналып келе жатқанының дәлелі”, - дейді филармония директоры Александр Евсюков.
«Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасының және «Облыстың музыка өнерін дамыту концепциясы» аясында құрылған қазақ ұлт аспаптары оркестрінің Қостанайда өнер көрсетуі облыстың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Оның құрамына ұлттық музыка академиясының түлектері және Астана, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған қалаларынан музыканттар шақырылды.
Мәселен, қобызшы Айнұр Қиялбекова Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясынан арнайы шақыртылды. Музыкалық аспаптар алуға, киім-кешек тігуге, музыканттарға еңбекақы тағайындауға облыстық бюджеттен елу миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Келешекте жас мамандарды пәтермен қамтамасыз ету міндеті тұр.
“Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің ашылуы ұлт өнерінің шынайы бағалаушылары үшін көптен күткен айтулы оқиға болып табылады. Өткен ғасыр музыканттарының шығармаларын дәріптеп, жергілікті композиторлардың шығармашылығымен таныстыру, қоғам үшін пайдасы мол, рухани-эстетикалық тәрбие беретін туындылар арқылы халыққа үлгі-өнеге беру оркестрдің негізгі мақсаты,” - дейді Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі, осы оркестрдің дирижерларының бірі Назымбек Молдахметов.
ЕЛУБАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙСА АРТЫҚТЫҚ ЕТПЕС ЕДІ
“Мұның бәрі тамаша. Бірақ, бір ғана “әттеген-ай!” бар, - дейді қала тұрғындарының бірі Алмас Бергенбаев,-Елубай Өмірзақов ағамыздың есімімен аталатын облыстық филармонияның маңдайында үлкен әріптермен оның есімі жазулы тұратын.
Мына концерт залының қожайыны жалғыз филармония емес, халықтық-демократиялық “Нұр-Отан” партиясының облыстық филиалы екен. Осы ғимаратта облыстық тілдерді дамыту басқармасының тілдерді үйрету орталығы да орналасқан. Бірақ, бұрынғы маңдайшадағы жазу жөндеуден кейін түсіп қалыпты".
"Елубайдай ел ағасын ардақтайтын болсақ, оның есімін ғана емес, ескерткішін де концерт залының қарсы алдына орнатса жарасып кетер еді”, - дейді көрерменнің тағы бірі.
Ақыл ҚОЖАҰЛЫ, 5 шілде 2009 жыл
«Азаттық» радиосы