Терминолог
Алаш арыстары. Олардың арасында Ахаң-Ахмет Байтұрсынұлының есімі ерекше аталады. Себебі, бұл тұлға халқымыздың “рухани көсемі”. Ал мұндай анықтаманың аясына барлық ұлы қасиеттің бәрі сыйып кететіні белгілі.
Ахмет Байтұрсынұлы – қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Біз бүгін бұлардың бәріне емес, тек соң¬ғысына тоқталмақпыз.
Жалпы кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол салада қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде Ахаң осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анық¬тап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсе¬тетін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жа¬саған жан.
Ғылыми ұғымдарға атау беру үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үде¬ріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ол жүйенің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бір мағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай та¬лаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы тер¬миндерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға, яғни, қабылдауға мәжбүр етеді.
Алаш арыстары. Олардың арасында Ахаң-Ахмет Байтұрсынұлының есімі ерекше аталады. Себебі, бұл тұлға халқымыздың “рухани көсемі”. Ал мұндай анықтаманың аясына барлық ұлы қасиеттің бәрі сыйып кететіні белгілі.
Ахмет Байтұрсынұлы – қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Біз бүгін бұлардың бәріне емес, тек соң¬ғысына тоқталмақпыз.
Жалпы кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол салада қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде Ахаң осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анық¬тап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсе¬тетін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жа¬саған жан.
Ғылыми ұғымдарға атау беру үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үде¬ріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ол жүйенің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бір мағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай та¬лаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы тер¬миндерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға, яғни, қабылдауға мәжбүр етеді.
Бұл тұрғыдан келгенде, ұлт ұстазы қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсете білді. Ахмет Байтұр¬сынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген “Оқу құралының” (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 және одан кейінгі 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған “Тіл – құрал” оқулық¬тарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосым¬ша, жалғау, жұрнақ сияқты көптеген терминдер кездеседі. Бұлардың терминге қойылатын талап¬тарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан, уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолда¬нылатын дәрежеге жетті.
Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе – Ахмет Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғым¬дар¬дың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа эле¬мент¬термен толыға түсуде.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің ғана емес әдебиеттану ғылымының да негізін қалаушы екендігі өткен ғасыр басында-ақ мойын¬далды. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арнал¬ған баяндамасында Мұхтар Әуезов: “Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің бас¬шысы деп санайды”, – деп көрсетеді.
Сонымен, екіншіден, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет тео¬риясын жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған.
Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін ондаған әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқындаумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы: “Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқы¬нының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады”, – дейді “Әдебиет танытқыш” еңбегінде ұлт ұстазы.
Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым бірін¬шіден, өлеңнің құрылым-құрылысын анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни, әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін бағамдаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолда¬ныстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшық¬тың –шумақтан, шумақтың – тармақтан, тар¬мақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құ¬ралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымдардың микрожүйесінің өзіндік табиғатын ашқан.
Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. “Әдебиет танытқыштан” мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре беруге болады.
Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімі, әде¬биет¬тану ғылымдарының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты да көптеген терминдерге де жол салған¬дардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жал¬қылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Ахаң тарих, этнография терминдерін де жа¬саған. Олай дейтініміз, Мұхтар Әуезов 1923 жылы ғалымның “Мәдениет тарихы” атты кітап жазып бітіргенін айтқан еді
Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсетке¬німіздей, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғы¬лыми терминологиясының негізін қалаумен бірге әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәде¬ниетке қатысты көптеген терминдер жасаған ғалым.
Ендігі бір айрықша атап айтуды қажет ететін мәселе – Ахаңның терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. Яғни төртіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсіл¬дерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжі¬рибесінде кеңінен пайдаланған ғалым.
Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы қазақ тілінің грамматикасының (сарфы) жазылуы¬мен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерек¬шеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсет¬кендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше сияқты тер¬миндері семантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекші, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.
Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы “ұлтшылдық”, “пуристік” бағыт ұстады деп, ол жасаған термин¬дердің біразы қолданыстан шеттетілгені белгілі. Соған қарамастан, Ахаң еңбегінің көпшілігі өзінің өміршеңдігін танытып келеді. Ал арнайы шеттетіл¬ген терминдердің арасында бүгінде қайтадан қаже¬тімізге жарайтындары да аз емес. Сондай-ақ оның қаламынан туындаған терминдер арасында авторы өзі екендігі ұмытылып кеткендері де бар. Ұлы тұлғаның термин жасауда ұстанған бағыты мен оның қаламынан туған басы ашық терминдері-ақ Ахаң¬ның қазақ терминологиясының негізін қалаушы және ғасыр басындағы бүкіл ғылыми ой-сананың қалыптасуына ықпал ете білген жан екенін дә¬лелдейді.
Бесіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы жекелеген ғы¬лым салаларының ғана емес, бүкіл қазақ терми¬нологиясының қалыптасуына тікелей әсер еткен айрықша тұлға. Ғалымның терминжасам тәсілдерін көрсетіп, оларды пайдалана отырып, тіл білімі, әдебиет ғылымдарының терминологиясын, өзге арнаулы салаларға қатысты терминдер жасауы – ғасыр басындағы өзге ғылым салалары бойынша оқулық¬тар мен түрлі ғылыми еңбектер жазған авторларға таптырмайтын үлгі болды. Ахаңнан кейін әр түрлі ғылым салалары бойынша еңбектер жазған қазақ зиялыларының жасаған терминдері оған айқын дәлел бола алады. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы¬ның 1914, 1915 жылдары және одан кейін бірнеше дүркін қайта басылған “Тіл – құрал” еңбегінде -уыш/уіш, -ша/ше, -лық/-лік жұрнақтары арқылы жасалған сызықша, есімше, көсемше, бастауыш, баяндауыш, сұраулық терминдерінің үлгісі 1927 жылы Мәскеуде басылған Ж.Күдериннің “Өсім¬діктану” оқулығында сабақша, тұқымша, қайықша, қаптауыш, аналық, ал Е.Омарұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген “Пішіндемесінде” (геометрия) тікше, қиықша, өлшеуіш, өлшемдік түрінде жалғасын тапқанын көруге болады. Осы деректердің өзі ғалымның тіл білімпазы ретінде қазақ тілінде термин жасаудың үлгісін көрсете отырып, ғасыр басындағы термин жасау ісіне тікелей ықпал еткен зор тұлға екенін анық аңғартады.
Алтыншыдан, Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басындағы қазақ терминологиясын қалыптас¬тыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаушы.
Еңбекші қазақ” газетінің 1926 жылғы 12 тамыз¬дағы санында жарияланған “Қазақстан оқу кеме¬сериетінің орынбасары Жолдыбайұлы Молдаға¬лимен әңгіме” деп берілген “Қазақ тілін байытамыз” атты шағын сұхбатта сол кезеңде термин жасаумен кімдер айналысқандығы және өзге тілдерден термин қабылдауда қандай қағидат басшылыққа алын¬ғандығы, осы істі жүзеге асырудағы Ахаңның рөлі атап көрсетіледі. “1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пән атауларын қазақшыландыратын кемесие құрылған. Кемесиенің құрылғаннан бергі жұмысы аз емес. Мың-мыңдаған сөздер қазақ тіліне аударылып, иә қазақ тіліне үйлестіріліп, қазақ тілі байытылды. Кемесиеде қазақ тіліне жетік 5-6 қазақ қызметкерлері жұмыс істейді. Оның үстіне ке¬месиенің жұмысына түрлі білімнің басын ұстаған мамандар қатыстырылады. Кемесиенің ағасы Қазақ елінің әсіресе тіл заңына жетік оқымысты даныш¬паны Байтұрсынұлы Ақымет. Кемесиенің негізгі мақсаты – қазақ тілін өнер-білімге бейім мәдениетті тіл қылу”.
Барлығы 5-6 адамнан тұратын комиссия үлкен іске мұрындық болып, көп іс тындыра білді. Оқу комиссариатының орынбасары атап көрсеткеніндей сол жылдарда қазақ тілі, оның терминологиялық қоры байыды, ғылым ұлт тілінде сөйлей бастады. Қазақ тілі термин шығармашылығында пайдала¬нылып, терминжасам тәжірибесі, дәстүрі қалыптаса бастады. Алаш арысы Ахаң төрағалық еткен осы комиссия қазақ тілінің терминологиялық қорын қалыптастырудың негізін салды, іргетасын қалады. Бұл істің ілгері басуына көрнекті көшбасшы, тіл, терминология жайын терең білетін ірі тілші ғалым, тарихи тұлға А.Байтұрсынұлының жеке үлесінің зор болғанын айрықша атап айтқан абзал.
“Кемесиенің негізгі мақсаты – қазақ тілін өнер-білімге бейім мәдениетті тіл қылу”дегеніне келсек, Ахаң басқарған комиссия мақсатына адал болып қана қойған жоқ, қазақ тілін білім-ғылым тілі ету жолында қыруар іс тындырды. “Байтұрсынұлы кезеңінде” қазақ тілінде жазылған көптеген оқулық¬тар мен, оқу құралдары, сөздіктер соның дәлелі бола алады. Оның бәрі азғантай ғана қазақ зиялы¬ларының атқарған үлкен ісі, солардың қажырлы еңбегінің, мақсатты жұмыстарының нәтижесі. 1924 жылғы маусым айында Орынборда “Қазақ ғылыми қызметкерлерінің 1-съезі” болып, онда Е.Омарұлы баяндамасына негізделген терминологияны қа¬лыשּׁтастырудың қағидаттары съез қаулысымен ресми бекітілді. Араға екі жылдай уақыт салып, 1926 жылы Бакуде өткен “Түркологтардың Бүкіл¬одақтық бірін¬ші құрылтайында” терминология жөнінде жасаған баяндамасында А.Байтұрсынұлы қатынасушы¬ларға осы қағидаттарды таныстыра отырып, өзге түркілерге де ғылыми термино¬ло¬гияны қалыптас¬тыруда қазақ білімпаздары жа¬саған осы қағидаттарды басшылыққа алуды ұсын¬ды. Оның ұсыныс¬тары ғалымдар тарапынан қолдау тауып, құрылтай қарарына енді.
Сонымен жетіншіден, Ахаң қазақ оқығандары жасап, ресми бекіткен терминология қағидатта¬рын бүкіл түркі халықтарына ұсына отырып, түбі бір туыстас тілдердің терминологиялық қорының ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым.
“Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің өмір¬шеңдік танытуының сыры неде?” деген сұраққа жауап іздесек, ол ең алдымен ұғымға атау беруге ұлттық таным тұрғысынан келген. Сондықтан оны қазақ қауымы алғашқыда аздап жатсынғанмен, тез қабылдап санасына сіңіре алған. Екіншіден, сол кездегі Ахаңның зиялылар арасын¬дағы зор беделі мен тіл саласындағы бірегей ірі оқымысты ретінде мойындалуы да оның жасаған терминдерінің шы¬ғармашыл қауым тарапынан талқысыз қабылда¬нуына себеп болды. Онымен иықтас тұрып, ой жарыстырып, пікір таластырып, өз терминдерін ұсына қоятын тіл мамандары қалыптаса қоймап еді. Оның маңайындағы тіл мәселелеріне жетік деген Е.Омарұлы, Х.Досмұ¬хамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды Алаш арыстарының да ғалым пікіріне құрметпен қарағаны байқалады.
Ахаң еңбегінің өміршеңдігін көрнекті тілші ғалым Мәулен Балақаев жақсы айтқан. Мәкеңнің мысалы мына төмендегі пікірінде шындық бар. Ол былай деп жазады: “Тіл — құрал” кезінде “алашордашылардың, ұлтшылдардың” кітабы болғандықтан, оны пайда¬лануға тыйым салынса, жаңа грамматика авторы да “халық жауы” атанып, кітабы қолданудан қа¬лып қойды. Енді қайту керек? Тірі қалғандарымыз мектептерді оқулық¬тармен қамтамасыз ету үшін еңбектенгенде, алдымен грамматикалық атаулар¬ды қалай атаймыз деген проблема туды. Біз бұрын¬нан үйреншікті болған Ахмет терминдерін қазақ тілінің, қазақша айтылған бұрынғы сөздері деп танып, солай атай бердік. Себебі, басқаша жазу мүмкін емес, әдеби нормаға айналып, қалыптасып кеткен еді. Ахмет Байтұрсынов шығарған терминдер екенін білсек те, қазақ тілінің сөз байлығы деп танығанбыз”.
“Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдаға¬нынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қады¬рынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді”, – деп тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Орыстың ғылым тілінің даму тарихын зерттеуші ғалымдар бірауыздан энциклопедист-ғалым М.В.Ломоносовты “орыс ғылыми терми¬нологиясының атасы” дейтін болса, Қазақстан ғы¬лымының тарихындағы ондай орынды ұлты¬мыздың бағына туған перзенті, Алаштың аяулы ұлы, аса көрнекті тілші ғалым Ахмет Байтұр¬сынұлы иеленіп тұр.
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана
«Егемен Қазақстан» газеті