Тәжік мұнай компаниясына 13,7 млн доллар айыппұл төлеу міндеттелді
Париждегі Халықаралық арбитраж соты «Куляб Петролеум Лимитед» компаниясына француздың Total және қытайдың CNPC компаниясы алдында міндетін орындамағаны үшін 13,7 миллион доллар өтемақы төлеуді міндеттеді.
2012 жылы аталған екі әлемдік лидер компания «Куляб Петролеум Лимитед» компаниясымен бірге Bokhtar Operating Company BVI деп аталатын офшорлы фирма құрған. Тараптар Тәжікстанның оңтүстігіндегі мұнай және газ кенішін игеруге келіскен.
Алайда 2016 жылдың мамыр айында СNPC және Total «Тетис Петролеум-ның» еншілес кәсіпорны «Куляб Петролеум Лимитед-ті» Халықаралық сотқа береді.
Осыдан кейін «Тетис Петролеум» бірден жауап ретінде CNPS пен Total-ды қарсы сотқа беріп, әріптестерінен 10,1 млн доллар көлемінде айыппұл өтеп алуды талап етеді. Даудың негізгі себебі - қаржы мәселесі.
СNPC пен Total мәліметінше, «Куляб Петролеум» Бохтар газ кенішіне 2 млн доллар инвестиция құюға уәде берген. Бірақ уәдесінде тұрмаған.
Қазір Бохтарға CNPC пен Total теңдей 33,335 пайызға иелік етеді, ал «Куляб Петролеумның» үлесі - 33,33 пайыз.
Сот тәжік компаниясына әріптестері СNPC мен Total-ға 13,7 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.
Abai.kz