Сенбі, 23 Қараша 2024
3111 0 пікір 9 Қаңтар, 2018 сағат 09:33

Душанбе шенеуніктің Чехиядағы жылжымайтын мүлкі туралы OCCRP зерттеуін тексермеді

Тәжікстан билігі "Тәжік темір жолы" мемлекеттік кәсіпорынының бұрынғы басшысы Амонулло Хукуматуллоның (Хукумов) отбасы Чехияда туристерге танымал мекеннен 10,6 млн долларға жылжымайтын мүлік алғаны туралы хабардар.

Тәжікстан Бас прокуратурасының жауапты қызметкері Фирдавс Рахимзод 8 қаңтарда Амонулло Хукумовтың Чехиядан жылжымайтын мүлік алғанын Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу жөніндегі орталық (OCCRP — the Organized Crime and Corruption Reporting Project) зерттеуінен білгенін айтты. «Бізге бұған қатысты ешкім ресми өтініш жасаған жоқ. Біз журналистік зерттеумен таныстық, бірақ деректердің қаншалықты нақты екенін білмейміз», - деді ол.

Оның айытуынша, бұған қатысты тергеу жүргізу жоспарда жоқ. "Басшылық осындай тергеу туралы хабарлайтын болса, онда біз ақпарат құралдарын хабардар етеміз", - деді Фирдавс Рахимзод.

Тәжікстанның жемқорлықпен күрес және қаржы бақылауы жөніндегі агенттігі де OCCRP зерттеуімен танысқан, бірақ тергеу жүргізбеген.

"Тәжік темір жолы" мемлекеттік мекемесін мұндай ақпарат қызықтырмайды. Компанияның жауапты қызметкерінің бірі бұрынғы басшының байлықты қалай жинағаны "кәсіпорынды қызықтырмайды".

OCCRP баяндамасына қарағанда, Амонулло Хукумовтың әйелі мен баласы Чехияның курортты мекендерінде алты жылжымайтын мүлікке иелік етеді. 2012 жылдың желтоқсанынан бастап Хукумовтар 10,6 млн долларды екі үй және төрт ғимаратқа жұмсаған. Хукумовтардың Мәскеуде 1,1 млн доллар тұратын пәтері бар.

66 жастағы Амонулло Хукумов Тәжікстан темір жолының басшысы қызметінен 2014 жылы ақпанда кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401