Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4508 0 пікір 9 Қаңтар, 2018 сағат 10:13

Қырғыз алтын кеніндегі еңбек дауы шешілді

Қырғызстанның тау-металлургиялық кәсіподағы мен "Фулл Голд Майнинг" компаниясының басшылығы барлық мәселелер бойынша келісімге келді, қазір ұжымдық келісім дайындалып жатыр. Бұл туралы Қырғызстанның Өнеркәсіп, жер қойнауы және энергетика жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай, "Фулл Голд Майнинг" компаниясының вице-президенті Чи Шуань Тань кәсіпорында жұмысшыларды жаппай қысқартуға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуына қарағанда, компаниядағы ауыр жағдайға байланысты мекеменің жаңа құрылтайшылар құрамы шығынды қысқартуға шешім қабылдаған.

Дегенмен Қырғызстанның тау-металлургиялық кәсіподағының басшысы Эльдар Тәжібаев бұл мәліметтермен келіспейтінін, жұмысшылар компания пайда тапқанша айлық көлемін сол қалпында сақтай тұруға келіскенін алға тартты.

Өнеркәсіп, жер қойнауы және энергетика жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ұлан Рысқұлов компания қырғыз заңнамаларымен жұмыс істеу керектігін алға тартты.

Компания вице-президенті Чи Шуань Тань бұл уәждермен келісіп, кәсіпорын Қырғызстан заңдары талаптарына сай жұмыс істейтініне уәде берді.

Еске салайық, 5 қаңтарда "Фулл Голд Майнинг" кәсіпорыны жаңа жұмыс шартына келіспеген 370 жұмысшыны қысқартқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733