Қайдар Құмарбеков. Желтоқсанның Мәскеудегі жаңғырығы
Дүние жүзін дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі әлі де болса жадымызда. Сол кездер туралы жазылған газет-журнал деректеріне сүйенер болсақ, үш күннің ішінде 60 мың адам алаңға шығып, оның 8 мыңы уақытша қамауға алынды. 200-дей адам әртүрлі мерзімге абақтыға жабылып, 1500 адам әкімшілік жазаға тартылған екен. Мыңдаған студент жастарымыз болса, жазықсыздан-жазықсыз оқудан шығарылып, қыз-жігіттер жұмыстан қуылды.
Желтоқсан қазақ ұлтының жан жарасы. Желтоқсанның қаһарманы - Қайрат Рыскұлбеков есіл ер, зұлым күштің кұрбаны болды. Бірақ өзі кеткенімен, артында өзі өлмес ерлік іci, азаматтық асқақ даңқы мәңгі қалды. Қайраттың мына:
«Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты - кұрбандық»
Атам десең атыңдар» - деген өлең сөздерінің өзі ұран емес пе?
Қайраттың өлең - сөздерін, түрмеден жазған хаттарын оқып, «шіркін-aй, қандай боздақтардан айрылғанбыз?» - деп iшiмiз удай ашиды. Екіншіден ату жазасын күтіп отырған қыршын жастың (нeбәpi 21 жыл ғана ғұмыр кешті) мұқалмаған жігерін, өр мінезін көpiп, ендігі жерде атын ардақтай көңілге сақтап артында қалған осынау шағын мұрасын қастерлей қолымызға ұстасақ, ол біздің халық батырының рухына тағзым еткеніміздің белгісі бола бермек.
-Қош болындар! Қош жарық дүние

"Бар бақытымды о дүниеден табармын", - деген Қайраттың соңғы қоштасқан күні, 21-мамыр күнін, келешекте ұлы халықтың ұрпағына үлгі болсын деп пip тұтып, Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ қоғамы еске алып, ас беруді әдетке айналдырып келеді. Бұл үшін ұйым Президенті Жаныбек Елекбаев бастаған қоғам азаматтарына ерекше құрметпен алғысымды айтамын.
Желтоқсан көтерілісіне байланысты, сол кездердегі қасіретті күндердің ақ-қарасын ажырату жөніндегі комиссияның төрағасы болған Мұхтар Шахановтың бастан өткізген Мәскеудегі сол бір қатерлі уақытын бірінші рет жұртшылық назарына ұсынуды жөн көріп отырмын.
Айтайын дегенім, қазір шежіреге айналып бара жатқан сол Желтоқсан көтерілісінің ұшқыны сол кездері Мәскеу жеріне де келіп түсіп, сол «Желтоқсан» уақытысында Мұқаңның өмірі де қыл үстінде тұрды.
1986 жылы желтоқсан айының 19 күні Мәскеуде ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өткізіліп жатты. Желтоқсан көтерілісіне байланысты, жоғарыдан рұхсат берілмесе де, бар жауапкершілікті мойнына алып, Евгений Евтушенконың өзі бастап жүргізген сол кешке 600-ден астам жерлестерімізден басқа, көптеген қонақтар жиналды. Барлығымыз да кештің иесіне деген тілектерімізді жеткізіп, көпшілік ол кісінің өлеңдері үшін алғыстарын жаудырып, қол соғып, құрмет көрсетумен болды. Одан әрмен Мұхтар Шахановқа сұрақтар қою басталды.
Ол күні Алматыдағы көтеріліс туралы, көпшілік қауым әлі де хабарсыз еді. Еңбегі елге сіңген, халқын сыйлап, құрметтейтін Қонаевты алып, еліміздің тілін, әдет-ғұрпын білмейтін азаматтың неліктен тағайындалғаны жөнінде сұрақты орыс тілінде Ербол Байжарқынов (оның кім екені 18 жылдан кейін анықталды) деген гидромелиоративтік институттың студенті қойды. Салтанатты кешті Евгений Евтушенко өте жоғары дипломатиялық деңгейде жүргізді. Ол кісі Ерболдың және басқа да студенттердің қойған сұрақтарын әрмен қарай өрбітпей, Мұхаңның бұл мәселеден хабарсыз екенін айтып түсіндірумен болды.
Дәл сол мезгілден бастап, Кеңес үкіметі Мемлекеттік қауіпсіздігін сақтау Комитетінің қызметкерлері (ол кездері бұл қызметкерлер «үш дыбыс» деп аталушы еді) «халық жауын» кім екенін анықтауға көшіп, бас көтере бастаған адамдарды үшті-күйлі жоғалттыру мәселесімен айналысып кетті. Өйткені олар Алматыдағы жағдайдан хабардар еді. Бәріміз де абыр-сабырлыққа түсіп кетсек те, кездесуіміздің аман-есен тарқалуын ойладық. «Үш дыбыстың» қылышынан қаны тамып тұрған заманы, кейбіреулер «Осындағы көтерілісті ұйымдастырайын деп жүрген осы кісі», - деп мені көрсетіп, сәл болмағанда мені алып кетердей жағдай болды. Кейін білдім, Мұқаң мен емес екенін айтып түсіндіріпті. Одан әрмен «үш дыбыс» қызметкерлері табан астында, Мұхтар Шахановты мұнда арнайы сапармен көтерілісті ұйымдастыру үшін келген деген қисыны келіп тұрған күдікті мойнына сала бастады деуге болады. Өйткені сол абыр-сабыр кезде, түр сипаты келіскен, денелі келген бір жігіт менің жанымнан өтіп бара жатып: - «Үш дыбыстылар» Мұхтар Шаханов ағамызды Алматыдан әдейі көтеріліс ұйымдастыру үшін келген деп күдікті тұлға көріп жатыр, сақтансын... ... » - деп, тез арада құлағыма сыбырлап сыртқа шығып кетті.
Сол күйде ол жігіттің есімін де, өзін де қайтып көріп-естімедім. Тез арада, ешкімнің назарын өзімізге аудармай, Мұқаңа да ешнәрсені айтып-түсіндірмей, ол кісіні Әдебиетшілер үйінің басқа жағынан шығарып алып кеттім (тек бүгін айтып отырмын). Елшілік қонақ үйіндегі нөміріне бармай, таң атқанша басқа жерде жүрдік. Әдебиетшілер үйінде бізді торуылдап тұрған 5-6 мәшине, бізді елшілік жақта да күтіпті. Қазір ойлап қоямын, қандай қас қағым сәт! Сол бір шұғыл хабар жетпегенде Мұқаң арамызда болмай қалар ма еді?! Шығарып салып жатып, ол кісінің Алматыға аман-есен жетуін тіледім.
Тағы да бір айта кетерлік жәйт, сол кездері Кремльдің ауруханасында ауыр халде науқастанып жатқан, Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болып істеген, Қазақстан Ғылым академисяның ірге тасын қалаушы, Нұртас Оңдасынов ағамыздың хал-жағдайын білуге соққанымда, төсек тартып жатып, ол кісінің де: «Айналайындарым-ай, қырылып қалмаса, жарар еді ... », - деп қатты қобалжығаны бар еді. Бәрінің аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, дәл сол уақыттары осы кісі сияқты уайым-қайғыға түскен азаматтарымыз көп болды.
Сол кездегі тың көзбен айқын көрінген, баспасөз бетінде жарияланбаған және жылдар өткен сайын көмескілене бастаған оқиғаларды еске түсіріп, оқырмандарға сол күйінде жеткізу, жалпы, тарихи шындықты орнына келтіруге көмектесу - менімше кез келген патриот адамның мақсаты. Желтоқсан дүрсілінің Мәскеудегі жарықшағына куәгер болғанымды өз өмірімнің ең жарқын сәті деп санаймын.
Қайдар Құмарбеков, зейнеткер, «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының
құрметті мүшесі
«Жас қазақ үні» газеті