Түркіменстан: арнайы қызмет шенеуніктерін жемқорлық жасады деп айыптады
Түркіменстанда ұлттық қауіпсіздік қызметтің жоғары лауазымды шенеуніктерін жемқорлық жасады деп айыптады.
Азатлык радиосына Дашоғыз облысындағы дереккөздің хабарлауынша, Экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі қызмет облыста арнайы қызметтің бірнеше офицерін жемқорлық жасады, есірткі сатушыларға қамқорлық жасады деп айыптаған.
Хабарларға қарағанда, Ашхабадтың Копетдаг ауданы салық инспекциясының бірнеше қызметкері және бастығы ұсталған. "Салық инспекциясы бастығын аса ірі көлемде пара алды деп айыптады", - деп хабарлады Азатлык дереккөзі.
2017 жылы қазан айының соңында Түркіменстан президенті Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекеттік аппараттағы жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралардың орындалуын талап еткен. Бұның алдында бірнеше судья мен прокурор қызметтерінен босатылып, парақорлық айыбы бойынша ұсталған еді.
Abai.kz