Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3470 2 пікір 17 Қаңтар, 2018 сағат 08:17

Өскемендегі паркке кімнің атын беру керек?

Достар, сіздерге бір жағымды жаңалық жеткізгім келіп тұр.

Бүгін облыс әкімдігінде қаланы абаттандыруға қатысты өткен жиында Даниал Ахметов Өскемендегі Киров (Жастар) паркінің атын өзгертіп, парк ішіндегі Совет заманын елестететін атрибуттардан арылу керектігін айтты. Жəне мұны қала əкімі Қуат Тұмабаевқа тапсырды. Советтік атрибут деп меңзегені парк ішінде қасқайып тұрған Киров ескерткіші деп түсіндік.

"Енді паркке кімнің атын беріп, кімнің ескерткішін қою керек?" деген мəселенің шығары анық. Біздіңше, паркке биыл 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетін даңқты батыр, Халық қаһарманы, Шығыстың тумасы Қасым Қайсенов есімін беріп, Қасым Қайсеновтің Өскемендегі АЗС жанындағы не олай емес, не былай емес болып тұрған кеуде мүсінін Киров ескерткішінің орнына қою керек секілді. Бұл көптеген өскемендіктің көкейінде жүрген мəселе екендігіне ешкім дау айта қоймас. Осы ретте ақсақалдарымыз қалалық ономастикалық комиссияға өз ұсыныстарын жолдаса деген тілек бар.

Азамат Қасым

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504