Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2096 0 пікір 10 Маусым, 2009 сағат 08:35

ОҚО-да егіс алқаптарын жаппай әртараптандыру жоспарланып отыр

Шымкент. 10 маусым. ҚазТАГ -  Аймақтың экономикасын дамыту жөніндегі бірінші кезекті шаралардың үшжылдық бағдарламасы шеңберінде ОҚО-да егіс алқаптарын жаппай әртараптандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов хабарлады.

«Әртараптандыру ылғал сүйгіш дақылдарды қысқартуға бағытталған. Мысалы, мақта алқаптарын 66 мың гектарға дейін қысқарту жоспарланып отыр», - деді ол. Сейсенбі күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов баяндағандай, биылғы жылы бұрынғы мақта алқабының 36 мың гектарына ылғалды көп қажет етпейтін және азық-түлік тұрғысынан экспортқа бағытталған дақылдар егілді.

Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, осыдан бірнеше жыл бұрын мақта алқаптары 200 мың гектардан асатын. «Биылғы жылы шаруалар 160 мың га екті», - деп хабарлады ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары  Низамиддин Пірманов.

Б. Оспановтың айтуынша, дәнді дақылдардың танабын бірте-бірте 280 мың гектарға (биылғы жылы ол 170 мың гектардан асты) жеткізу көзделіп отыр, майлы дақылдары 24 мың гектар жерді алса, картоп 7 мың га., жемшөптік дақылдар 100 мың га., көкөністер 66 мың га алқапқа егіледі.

Сонымен қатар, жеміс –жидек және жүзім алқаптарын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе техникалық сұрыптарына баса назар аударылып отыр. «Жалпы жемістердің алқабын 20 мың гектарға, жүзімдікін 10 мың гектарға жеткізу жоспарда бар», - деп хабарлады Б. Оспанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557