Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 3845 4 пікір 24 Қаңтар, 2018 сағат 11:53

Нидерланды соты 22 миллиардты бұғаттау шешімін жойды

Ұлттық қордың 22 миллиард долларына салынған санкция күшін жойды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.

23-қаңтар күні Амстердамның Округтік соты Қазақстан Ұлттық банкінің New York Mellon (BK.N) банкінде сақталған Ұлттық қор қаржысын бұғаттан шығару туралы өтінішін орындаған.

Ресми мәлімет бойынша, сот процеске үшінші тарап ретінде қатысып жатқан Ұлттық банк пен әділет министрлігінің ұстанымымен келісіп, Ұлттық қор активтеріне қолсұғылмауы тиіс деп ұйғарған.

Естеріңізде болса, осыған дейін молдовалық кәсіпкер Статилер Қазақстанның Ұлттық қорындағы 22 миллиард доллар ақшаны АҚШ соты арқылы бұғаттаған еді.

АҚШ-тың "New York Mellon" (BK.N) банкі Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттаған.Бұл шешім Қазақстан үкіметі мен молдовалық инвестордың арасындағы дау өршіген кезде қабылданған.

Молдовалық кәсіпкер Анатол (Анатолий) Стати мен оған тиесілі бірнеше компания Қазақстан үкіметін өздерін шығынға ұшыратты деген арыз бойынша бұған дейінгі бір сотта жеңіп шыққан. Банктегі дерек көзінің айтуынша, енді арызданушы шығынын өтеу туралы шағым түсіріп, Қазақстанның мұнай табысынан құралған Ұлттық қорының 40 пайызын бұғаттауға қол жеткізген. Бұл 500 миллион доллардың ісі.

Астана 500 миллион долларды өтеуден бас тартып, АҚШ-тың федералды сотына шағымданған.

Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, «Нидерландының сот органдары бұған дейін Статидің бұл активтерді бұғаулау туралы өтінішін орындаудан бас тартқан, Стати бұл фактілерді жасырып, сотты шатыстырған». Министрлік сот осыған байланысты Статиге "Қазақстан жағына сот шығынын өндіріп беруді міндеттегенін" айтады.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394