Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3169 0 пікір 5 Қаңтар, 2011 сағат 19:45

Қайныкеш Қалиқызы. Атажұртқа жетсем деймін...

Түркиядағы 120 жастағы кейуана «Жас қазақ үніне» жағдайын айтты...

Шетелдегі ең үлкен қазақ диаспорасы - 120 жастағы әженің сәлемі

«Жас қазақ үні» газеті латын алфавитімен әлем қазақтарының оқуына жол тартқаннан бері шеттегі қазақ диаспорасынан әр түрлі хат-хабар келе бастады. Сондай  хаттың бірін Норвегия Қазақ Мәдениет орталығының төрағасы Махмұт Башташ бауырымыз жіберсе, енді бірін германиялық Саламат Али мырза жолдап отыр. Екі хаттың мазмұны бір болғандықтан, алыстағы әженің хатын жариялауды жөн санадық.

Аты-жөнім - Қайныкеш Қалиқызы. Шешемнің аты - Рақия. 1890 жылы қазіргі Қытай аумағында қалған Тарбағатай жерінде туғанмын. Руым - найман. Көштен бұрын араб, қазақ тілдерін білсем, кейін қытайша, орысша, ұрдуша, түрікше үйрендім. Қазір бәрі ұмытылып ана тілімде ғана сөйлеймін. Азырақ түрікше білемін.

Күйеуім қазақ көші мен балаларын оқытуға еңбегі сіңген қайраткер Ыдырыш молда. Руы - меркіт. Ол кісі Елісхан батыр бастаған көшпен бірге көшіп, қанды күндерді бастан кешіріп, Гималайдан асып, Пәкістанға жеткенде төрт баламмен бірге 52 жасында қайтыс болған. Сүйектері сол Пәкістан топырағында жатыр. Жалғыз өмір сүріп жатқаныма 72 жыл болды.

Туыс-туған, қатарласымның бәрі кетіп, қазір соқа басым ғана қалды. Қытай жерінде және Қазақстанда төркін жақтан туыстарым бар деп білемін. Бірақ олар кім, аты-жөні, мекен-жайын білмеймін. Мүмкін туыстарым табылып, мені атажұртым Қазақстанға алып барамын деп, ана ретінде қабылдаса қуанар едім. Туған жерімді, қазақ топырағын сағындым. Төрімнен көрім жуық. Бомағанда сүйегім қазақ топырағында жатса, арманым болмас еді.

Елде жүргенде Ақыт қажының өлеңдерін жатқа айтушы едім. Жарықтық қажы Бисан жеріне келгенде Абай деген бастық шақырып қонақ етіпті. Абай ол кісі аттанып кеткен соң: «маған ештеме демеді ғой» десе керек. Абайдың жанындағылар «отырған сырмағының астын қараңыз» депті. Қараса өлең жазып кетіпті. Содан бірнеше шумақ есімде қалыпты:

Қазақтан шыққан Абайым,

Көтерсе екен талайын.

Келіп жүрмін Бисан тауына,

Ел қыдырып ер көрдім

Көре алмадым дені сау,

Озып кеткен заманды,

Сөзбен қайтып түзейін..., - деп жазыпты.

Не дейін, ел-жұртты, қазақ жерін көре алам ба, жоқ па, бір Алла біледі.

Қайда жүрсеңдер де аман болыңдар.

Еліңді, дініңді, тіліңді, жеріңді ұмытпай жүріңдер. Сендерге айтар сөзім осы.

Түркия елі, Салиқылы қаласы, Құртұлұш ауылы,

Бозкір соғақ көшесіндегі жалғыз қазақ

Қайныкеш ҚАЛИҚЫЗЫ

деген апаларың

«Жас қазақ үні» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371