Бастамашыл топ 11 қаңтарға дейін Назарбаевтың өкілеттіктерін ұзарту бойынша референдумды қолдап 4 млн қол жинауды жоспарлап отыр
Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Президенттің өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзартуды ұсынған бастамашыл топ 11қаңтарға дейін референдум өткізуді қолдап 4 млн қол жинауды жоспарлап отыр, деп мәлім етті парламент сенатының депутаты Берік Имашев.
«2011 жылдың 4 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, референдумды өткізуді қолдап 2 миллион 590мың адам қол қойған. Бастамашыл топ 11 қаңтарға қарай референдумды қолдап 4 млн қол жинауды жоспарлап отыр», - деді ол бейсенбі күні палатаның пленарлық отырысында.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс. Заңда көрсетілгендей, референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолданады.
Бастамашыл топ 200 мың қол жинаумен шектелмей, акциясын жалғастырып отыр.