Жұма, 16 Қазан 2026
5039 3 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:13

Тәжікстан халал емес ет өнімдерін әкелуге тыйым салды

Тәжікстан халал емес ет өнімдерін елге тасымалдауға тыйым салды. Мұндай талапты ветеринарлық бақылау жөніндегі мемлекеттік қызмет қойып отыр.

«Халал өнімдері» дегеніміз — мұсылман қағидалары мен дәстүрлеріне сәйкес өндірілетін өнімдер. Онда мұсылманға тыйым салынған тағам қосылмайды.

Ветеринарлық бақылау қызметінің төраға орынбасары Тоджибек Норов бұдан былай елге ет өнімдерін тасымалдайтын шетелдік компаниялар енді билік тарапынан арнайы аккредитация алуы қажет дейді.

«Арнайы рұқсат алу үшін, біздің мамандар шетелдік кәсіпорынның өндіріс процесімен танысуы тиіс. Өнім "Халал" деп таңбалануы тиіс. Тек осындай тәртіппен елге өнімдерін импорттай алады», -дейді Норов.

Тәжікстанға негізінен ет өнімдері Ресейден және Үндістаннан әкелінеді. Аз мөлшерде Түркия мен Қазақстанда да өнімдерін экспорттайды.

Тәжікстан «халал» талабын 2013 жылы енгізген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1037
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1391