Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
5158 4 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:16

Өзбек кәсіпкері Гафур Рахимов AIBA-ның атқарушы президенті болып тағайындалды

Өзбек кәсіпкері, Өзбекстанда қылмыс әлемі жетекшілерінің бірі болып саналатын Гафур Рахимов AIBA – Халықаралық бокс қауымдастығының атқарушы президенті болып тағайындалды.

Бұл шешім өткен сенбі күні Франко Фальчинелли қызметінен кететінін мәлімдегеннен кейін белгілі болды. AIBA-ның жаңа президентін сайлау биыл қараша айында Мәскеуде өтеді.

27 қаңтарда Халықаралық бокс қауымдастығының конгресінде АҚШ қаржы министрінің «қара тізіміне» ілінген Гафур Рахимов AIBA-ның атқарушы президенті болып тағайындалды.

67 жастағы Гафур Рахимов танымал өзбек кәсіпкері. Ол сонымен бірге Азиялық бокс федерациясының вице-президенті. Ол 1998 жылдан бері AIBA атқарушы комитетінің мүшесі. 2002 жылдан 2012 жылға дейін бұл ұйымның вице-президенті болып келді.

2012 жылы АҚШ қаржы министрі Гафур Рахимовқа «Орталық Азияда есірткі өнімімен айналысады» деген айыппен қаржылық санкция салған. Ол Өзбекстаннан 2010 жылы кеткен. Содан бері Дубайда тұрады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 670
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2639
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1691