Жұма, 22 Қараша 2024
4371 3 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:20

Ресейде "Сайлаушылар көтерілісінде" 300-ге жуық адам ұсталды

Ресейде 28 қаңтарда өткен "Сайлаушылар көтерілісі" күні, соңғы мәліметке сәйкес 299 қарсылық білдіруші ұсталған. Бұл жөнінде "ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасы хабарлайды.

Мәскеуде 16 белсенді ұсталған. Оның ішінде оппозиционер Алексей Навальный да бар. Бірақ кейіннен ол босатылған.

Томскіде белсенді Сергей Чайковскийге 150 мың рубль айыппұл салған. Оны "митинг өткізу заңын қайтара бұзды" деп айыптады. Челябинскіде акцияға қатысушы Денис Ибрагимовті "бұзақылық жасады" деп 10 тәулікке қамауға алған.

"Сайлаушылар көтерілісі" Ресейдің ондаған қаласында өтті. Акцияға мыңдаған адам қатысты. Жаппай шеру негізінде Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өткен. Полиция белсенділерге тарауды талап етті. Бірақ жаппай тұтқындау болмады.

Биыл наурыз айында өтетін президент сайлауына Навальныйды қатыстыруға тыйым салғаннан кейін, оның жақтастары "Сайлаушылар көтерілісін" ұйымдастырды. Оппозиционер алдағы сайлауды әділетсіз өтеді деп, халықты дауыс бермеуге шақырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317