Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4898 20 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:26

Шымкент - қазақ xалқының кіші Отаны!

Мен де шымкенттікпін. Бала кезімді еске алсам, мектепте қанша рет төбелессем, тек мені шешеден боқтағаны үшін төбелесіппін. Сондықтан "шымбайға батса да - шындық" сол, біздің жақта шешеден боқтау кең тарағаны соншалық - басқа аймақтың көзіне бірден түседі.

Боқтау - мәдениетсіздіктің көрінісі, бұл жаман әдеттен арылуымыз керек. Арылу үшін осылай айтып, ағайынның ортасына салған дұрыс!

Ал енді, қит етсе шымкенттіктерді жамандап қалуға, Шымның қазағын төмендетіп, өздерін жоғары санағысы келетіндер үшін - бұл былапыт сөзіміз - таптырмас себеп екенін де білеміз.

Оларға айтарым: Шымкент - қазақ xалқының қалың ордасы ғана емес, кіші Отаны! Жоңғар шапқыншылығында болсын, Ресей империясының басқыншылығында болсын Оңтүстіктің қазағын соғыспен ғана бағындырған. Ел басына күн туғанда бүкіл қазақ Оңтүстікті паналаған. Мақаш Тәтімов ағамыз айтқандай, Оңтүстікті баспаналап барған барлық қазақ серіппе "пружина" секілді бір жұдырық болып бас біріктіріп барып қайта атылған кезде ғана бүкіл қазақ даласын қайта азат етіп отырған. Сондықтан да кешегі қызыл империя - совет өкіметі де 1986 жылдың қарсаңында екі жылға жуық қазаққа қарсы идеологиялық соққыны - оңтүстіктегі үш облыстың қазағынан бастады және Желтоқсан көтерілісі арқылы қарсы жауап алды.

Жарылқап Қалыбай

Facebook-тегі парақшасынан

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313