Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3625 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 19:32

Аманхан Әлім. Ұлт боламын десең «руыңмен у iшпе, қазақ!» немесе ұлттық идея туралы ой

Қазақстан Еуропа мен Азия, жалпы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастыратын алтын көпiр болу үшiн, ең алдымен Еуразия кеңiстiгiнде қазақ ұлт ретiнде өзiнiң РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарын көздiң қарашығындай сақтап қана қоймай, оны оңды-солды аты-жөнi жоқ шашпай, жан-жақты заман, уақыт талабына сай пайдалана бiлуi керек. Мiне, ұлттық идея мен идеологияның негiзi сонда жатыр. Бұл алысты-жақынды шетелге өзге емес, тiкелей олардың өздерiмен жариялы да ашық түрде байланысқа шыққанда ғана орындалатын қадiр-қасиеттер. Ендеше, бiзге қай мемлекетпен байланыспайық, араға делдал салмайтындай, еш­кiмге жалтаңдамайтындай дәреже­дегi экономикалық-мәдени, саяси-қоғамдық тәуелсiздiгi мен егемен­дiгi толыққанды қалыптас­қан мемлекет болуға тиiспiз.

Қазақстан Еуропа мен Азия, жалпы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастыратын алтын көпiр болу үшiн, ең алдымен Еуразия кеңiстiгiнде қазақ ұлт ретiнде өзiнiң РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарын көздiң қарашығындай сақтап қана қоймай, оны оңды-солды аты-жөнi жоқ шашпай, жан-жақты заман, уақыт талабына сай пайдалана бiлуi керек. Мiне, ұлттық идея мен идеологияның негiзi сонда жатыр. Бұл алысты-жақынды шетелге өзге емес, тiкелей олардың өздерiмен жариялы да ашық түрде байланысқа шыққанда ғана орындалатын қадiр-қасиеттер. Ендеше, бiзге қай мемлекетпен байланыспайық, араға делдал салмайтындай, еш­кiмге жалтаңдамайтындай дәреже­дегi экономикалық-мәдени, саяси-қоғамдық тәуелсiздiгi мен егемен­дiгi толыққанды қалыптас­қан мемлекет болуға тиiспiз.

Әрине, Еуразия кеңiстiгiнде өзiндiк отау тiгiп шыққан ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТIЛIГIНЕ қарсы тұрушыларды былай қойғанда, оны ұлт ретiнде жойып жiбергiсi келетiндер де аз емес. Бiрақ олардың қазаққа қарсы күресi заман, уақыт талабына сай су асты ағыстарындай әртүрлi қитұрқы iс-әрекеттер және құбылыстар мен құндылықтар арқылы жүргiзiлуде. Оның бiрден-бiр көрiнiсi - қазiргi әлемдi экономикалық-мәдени, әлеуметтiк-тұрмыстық, қоғамдық-саяси iс-әрекетер арқылы ғаламдастыру терiсiн жамылып келе жатқан жайынқұлық нарықтық қатынастардың адамзатты бiр қалыпқа түсiруге тырысуы. Жалпы, ғаламдастыру деген ұғым-түсiнiк ұлтты жоққа шығарып, жалпыхалықтық, жалпыелдiк, яғни, бiр орталыққа бағынған әлемдiк экономикалық-саяси, қоғамдық-идеологиялық баланс­тағы қаржылық-интернеттiк жүйе қалыптастырғысы келедi. Яғни бұл Тургеневтiң «Отцы и дети» шығармасындағы Базаров тiлiмен айтқанда, «все люди должны со временем стать между собою схожи, как березы в роще» деген принциптегi, ұлтты жұтып қоятын құбылыс. Әрине, бiз заман ағымы әкеле жатқан ғаламдастырудан еш қашып құтыла алмаймыз. Оған бiз қарсы жүрмесек, ол бiзге барынша қарсы жүрiп, жұтып қояды. Сондықтан да Қазақстан мемлекет ретiнде өзiнiң кiндiк ұлты қазақтың ментатилетiне тән құндылықтар мен қасиеттердi жоғалтпай, ғаламдастыруды тiк тұрып қарсы алуы керек. Әйтпесе, ғаламдастыру атты түсiнiк-тұжырымды, мақсат-мүдденi, бағыт-бағдарды ұсынушылар орыс философы Константин Леонтьевтiң: «Они (яғни, ғаламдастыру принципiн ұстанушылар - А.Ә) усиливают сходство строя и быта; они ускоряют все общую ассимиляцию нравов... Современная политическая борьба, оканчивая по очереди один за другим все племенные вопросы, приготовляет этим путь республиканскому космополитизму» дегенiндей жағдайдағы қоғамға бiздi ноқталап енгiзуге тырысып-ақ бағуда. Ендеше, әйгiлi философтың өз ұлтына жаны ашып: «Какую же роль должна играть Россия в этой трагедии явного всеразрушения...», - деп толғанғанындай, бiз де Қазақстанның ғаламдастыру атты саяси-қоғамдық құрылымға қалай енетiнiн үлкен-кiшiмiз болып ойлануымыз керек-ақ. Осы тұста менiң есiме өткен ғасыр басындағы қазақ ұлтының тәуелсiздiгi мен егемендiгi үшiн күрескен Мұстафа Шоқайдың: «Халқымыз жай әшейiнгi адамдардың жиынтығы емес, өзiне тән мәдениетi бар қауым (ұлт деген сөз - А.Ә.) екенiн, сондай-ақ, қазiргi жүрiп жатқан саяси талас-тартыстар тек «күн астынан бiр жағра­фия­лық орын» алу үшiн ғана емес, өз мәдениетiн күллi әлемге, соның iшiнде Еуропаға да таныту екенiн бiлуге тиiспiз. Бiздiң ең басты саяси мiндетiмiздiң бiрi, мiне, осындай», - дегенi ерiксiз есiме түседi. Осы бiр қанатты қағидаға, мақсат-мұратқа, бағыт-бағдарға, идея мен идеологияға айналатын сөздер дәл осы кездiң өзiнде де, болашақта да өзiнiң құндылығын мән-мағынасын жоғалтпайтын қасиеттен өрген тұжырым негiзi. Оған қасиеттi Құранның 49-Хұжрат сүресi, 13-аятындағы «О, люди! Мы сотворили вас от (пары) мужа и жены. И создали из вас (семейные) роды и (разные) народы (ұлт деп түсiнiңiздер- А.Ә.) , Чтобы вы могли друг друга знать» (Порохова аудармасы - А.Ә.) дегендi қоссақ, онда мәселе, тiптi күрделене түседi. Ендеше, бiз өзiмiздiң ұлт екенiмiздi Алла жаратты, табиғи-тарихи құбылыс ретiнде қабылдап, оны болашаққа нық та ұялмай-қысылмай жеткiзуге тиiспiз. Ал өзiн философ санайтын Ғарифолла Есiм болса: «Егер бiз «Қазақ ұлтымыз» деп сөйлер болсақ, онда елiмiзде өмiр сүрiп жатқан басқа этнос өкiлдерi де «бiз - ұлтпыз» деп айтуға құқылы. Сонда көпұлтты мемлекет болып шыға келемiз», - деп сәуегейлiк танытады да, әлемдiк айналымға түсiп кеткен «ұлт» сөзiнен бiздi бас тартқыздырғысы келедi. Яғни Ғарифолла мырза өзiне дейiнгi сан ғасырлар бұрын өмiр сүрген әлем, соның iшiнде немiс философтарының халық - объект (obiekt), ұлт - субъект (subiekt) деген қанатты қағидаға айналып кеткен пiкiр-тұжырымдарын бiлмейтiн секiлдi. Немесе бiле тұра қасақана бiлмейтiндей пиғыл танытатын тәрiздi. Тiптi өзiмiздiң Мұстафа Шоқай: «Халықты ұлт деңгейiне көтеру, яғни, жерi, суы, қазынасы, тiлi мен дiнi бiр болған халық бұқарасын бiрлестiрiп, олардың санасын бiртұтас саяси, әлеу­меттiк, ұлттық санаға жеткiзуде ұлы тарихи мiндеттiң маңызды бiр бөлiгi зиялылардың үстiне жүктеледi», - дейдi емес пе? Ендеше, бiз осынау жолдан, ұлт сөзiн айтудан бас тартуға итермелеп отырған, өзiн философ санайтын Ғарифолла Есiмдi кiм деймiз? Сол Мұстафа Шоқай атамыз ендi бiр сөзiнде: «Атақты алман философтары Кант пен Фихтелер: Халық бiрiн-бiрi және өзiн-өзi басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт - басқаларға тәуелдi болмаған, өзiнiң мекемеле­рiне (мемлекетте­рiне деп қабылдаңыз - А.Ә.) ие және өзiнiң бiрыңғай мүддесi бар халықтар жиынтығы», - десе, неге бiзге де осыған жалпы ұғым халық емес, жалқы ұғым ұлт ретiнде қол қоймасқа? Бiздiң түсiнiгiмiзде халық, ел, жұрт жалпы есiм де, ұлт - жалқы есiм. Осы екеуiнiң арасын ажырата алмай, көптi жаңылыстырып жүрген Ғарифолла Есiм сияқтыларға не деймiз? Мұстафа Шоқайша айтқанда: «Қазiр бәрiмiздiң бiр ғана ортақ мақсатымыз бар. Ол - Тәуелсiз ұлттық мемлекет құру». Мiне, осы жолда тайлы-тұяғымыз қалмай әрқайсысымыз өз орнымызда ұлттың бiр мүшесi ретiнде қызмет етуге тиiспiз. Бiзге ұлттық идея мен идеология сол үшiн керек. Әйтпесе, кейбiр бiздiң бетке ұстар деген адамдарымыз ұлттық идея туралы ойларын жалпыхалықтық, жалпыадамзаттық, баяғы кеңестiк кезеңдегiндей коммунизм елесiн қуған коммунист - космополит­тердiң насихаттаған ұстанымдарын бетке ұстайтындықтарына ерiксiз таңғаласың. Олар нарық заманы жеке тұлғалардың қадiр-қасиетiн қаншалықты арттырса, сол жеке тұлға бiр мүшесi болып саналатын ұлттық қадiр-қасиеттi де соншалықты алға шығарғанын елеп-ескермейтiн сияқты. Солардың бiрi болғанда бiрегейi, Кеңес Одағының туы жығылмаған сардарларының бiрi - Олжас Сүлейменов. Ол өзiнiң ұлт тiлiне деген көзқарасын ешкiмнен ешуақытта да жасырған емес. Оған жеке тұлғаларға тән жалпыхалықтық, жалпыазаматтық, өз сөзiмен айтқанда, «ғарыштық сана» керек. Оның, яғни, ғарыштық сана-сезiмнiң тек ұлы тұлғаларға, яғни, генийлерге ғана тән екенiн ол кiсi бiлмейтiн секiлдi. Тұтастай жалпыхалық, жалпы­адамзат ғарыштық сана-сезiмге қол жеткiзе алмайды. Ал жеке тұлға азамат ретiнде ғарыштық санаға қол жеткiзуi бек мүмкiн. Ондайдың жеке тұлғалығы, генийлiгi сонда.

Олжас Сүлейменов демекшi, ол Украинада шыққан бiр кiтабына байланысты берген сұхбатында журналистiң «Украинская власть все мается в поисках идеи, которая могла бы объединить народ. А у казахского народа есть национальная идея?» деген сауалына ұзақ үнсiздiктен соң: «Национальная идея? У казахов? (Долго молчит). Проблема в том, что все эти поиски национальной идеи очень часто заканчивались обыкновенным национализмом. Это мы видели, видим и, возможно, еще увидим не раз. Противовесом национальной идее в таких многонациональных государствах, как Россия и Казахстан, должен стать интернационализм. Потому что иначе можно заблудиться и зайти слишком далеко, в тупик», - деп жауап бередi. Осынау жауапқа Қазақстандағы кейбiр өзiн саясаткер санайтын Олжас Сүлейменовтiң пiкiрлестерi қанағаттанып, оның осы бiр тұжырымдарына қосылатын шығар-ау. Бiрақ бiз оған қосыла алмаймыз. Ұлттық идея ешқандай да, ешкiмдi тұйыққа тiрейтiн құбылыс емес. Қайта ол ұлтты өздерi қатарлы ұлттармен бәсекелестiкке түсiрiп, өркениеттi мемлекеттердiң қатарына қосылуға бастайтын бiрден-бiр жол. Ол ұлт тұтастығын күшейтiп, заман, уақыт талабына сай өзгенiң жақсысын қабылдау арқылы, оны эволюциялық жолмен бәсекелес­тiкке лайық дамытып, ғаламдастыру дәуiрiндегi өзiнiң күн астындағы орнын ешкiмнен, ешқандай ұлттан кем емес дәрежеде алуына ықпал етедi. Оны орындауға ұйымдастырып, бас-көз болатын - мемлекеттiк аппарат, әмiршiлiк-әкiмшiлiк жүйе. Ұлттық зиялы олардың кейбiреулерi қорқатындай бiз кезiндегi нацистiк Германия мен фашистiк Италия болмаймыз, бола алмаймыз да. Оған ешқандай да Керей-Жәнiбек­тен басталған мемлекеттiлiгiмiз бен ұлттық қадiр-қасиеттiмiзде себеп жоқ. Және менталитетiмiз көтер­мейдi. Оны уақыт дәлелдеген. Содан соң, ұлттық идея қатып, сiресiп қалған ұғым-түсiнiк емес. Ол уақыт, заман көрiнiсiне әрi талап-тiлегiне орай эволюциялық жолмен дамып отыратын қадiр-қасиет. Егер мемлекетiмiзде әртүрлi ұлттық мемлекеттердiң диаспоралары тұрса, оларды бiз ешуақытта да сырт­қа теуiп, қолдарын қағып, көңiлдерiн қалдырған емеспiз. Қайта олар бiзбен бiрiгiп, ұлттық идея мен идеология қалыптастыруға көмектесуi керек. Өйткенi қазақ зиялыларының ұлтшылдығы ешбiреуге қысым, қоқан-лоқы жасамайтын, үнемi өзiн-өзi қорғаумен, қорғаныспен келе жатқан ұлтшылдық.

Ұлттық идея. Ұлтшылдық. Ұлт­тық мемлекет. Осы бiр сөз-сөйлем тiркестерi Ғ.Есiм, О.Сүлейменов қорқатын соншалықты құбыжық па? Әрине, олай емес. Мәселе, олардың мән-мағынасын, мазмұн-мәтiнiн кiм қалай түсiнетiнiнде және қабылдайтынында. Ұнамаса, ендеше олардың өздерiнiң пиғыл-ниеттерi ұлттық идея, ұлтшылдық, ұлттық мемлекетке терiс, ойлары арам. Ал ұлттық идеяны iздеп, ұлтшыл болып, ұлттық мемлекет көздейтiндердiң мақсат-мұраты, талап-тiлегi, бағыт-бағдары өзге ұлттарға қысым жасайтын шови­нис­тiк түсiнiктегi iс-әрекеттер емес. Мұстафа Шоқай бұл туралы: «Шовинизм» деп басқа ұлттардың мүдделерi есебiнен тар ұлтшылдыққа бой ұруды, басқа ұлттардың өмiрлiк мүдделерiн тек өз ұлтының мүддесi үшiн құрбан етудi айтады. Шовинимзнiң бой көрсетуi үшiн шовинизммен айыпталып отырған ұлт өзi өмiр сүрген елде үстем орынды иемденуi, мемлекеттiк билiктi қолында ұстауы шарт», - дейдi. Құдайға шүкiр, бiзде әзiрше жабайы, тұрпайы, бiртоға ұлтшылдықтан бастап, өзгелердi мүлдем жоққа шығаратын ақсүйектiк шовинизм жоқ. Жалпы, туа бiттi, тұла бойы интернационализмге толы қазақтан ондай келеңсiз жайларды күтiп, оған күдiкпен қараудың өзi - күнә. Оған Қазақстанды жайлаған әрбiр ұлт пен ұлыстар өкiлдерi - диаспоралар куә. Ал олардың ойларына «қиқым» салып, жақсы мағынадағы ұлттық идея, ұлтшылдық, ұлттық мемлекеттiң қадiр-қасиетiн түсiргiсi келетiндер - қараптан-қарап жүрiп «қорыққан бiрiншi сiлтейдiнiң» керiн келтiрiп жүргендер. Ондай пiкiрлердi қалыптастырып, елге таратып жүргендер - өздерiнiң батысшылдықтың балалық ауруымен ауырғандарын былай қойғанда, кеңестiк кезiндегiдей коммунизм елесiн қуалап жүрген жандар екенiн бiлмейтiндер және өзiнiң туған халқының «қағынан» жерiнгендер. Өз ана тiлiн бiлмей, өзгенiң тiлiн де қарық қыла алмай жүрген жандар. Солардың қатарына Қанат Қабдырахманов дегеннiң «Нацию сформируют русскоязычные...» деген пiкiрi де жатады. Ол мырза тiл ұлт дiлiнiң (менталитетiнiң десе де болады. - А.Ә.) басты көрсеткiшi, табиғи-тарихи болмысының iшкi-сыртқы сезiм хабаршысы екенiн бiлмей, өз айтуына қарағанда «алтыға» оқығанына таңғаласың. Сондықтан тiл - ұлттың бары, ұлттық идеяның басты негiзi. Тiлсiз ұлт болмайды. Тiлiн жоғалтқандар - өз қағынан жерiнген маргиналдар. Өзiн жазушы санайтын осы бiр автордың ауыл туралы тұжырымы да атүстi, сын көтермейтiн сөздер мен сөйлемдер. Ауыл - мәдениеттiң соңғы, тұяқ серiптiге келетiн көрсеткiштерiнiң бiрi, қала - өркениеттiң шарықтау шыңы. Өркениет басталған жерде мәдениет шегiнедi. Мәдениет - табиғи-тарихи, киелi құбылыстар мен құндылықтардан тұратын категория, өркениет тарихи-прогрестiк ақыл-ойдың жемiсi. Қала сезiмдi қатқылдандырып, адам арасындағы қарым-қатынасты салқындаттыратын, бiрқалыпқа түсiретiн «түрме» тәрiздес болса, ауыл адамды табиғатпен астастырып, көңiлiн шетсiз де, шексiз кеңiстiк арқылы қиялын шарықтататын әлi табиғи болмысы қаладағыдай бұзыла қоймаған құбылыс әрi құндылық. Қанат сияқты өз ана тiлдерiн бiлмей, оны терiс көретiндер туралы Хасен Қожахмет «Санадағы сан ойлар» кiтабында: «Олжас Сүлейменов, Нұрболат Масанов сияқты қазақтардың орысшылдығы - өздерiнiң еркiн жүзуiне қолайлы орыстiлдi ортаның сақталуын қалайтын жеке басты эгоизм себебiнен. Ал елiмiзде орысшылдықтың жалғасып, қоғамның мынадай дүбәра күйiнiң созыла беруi қазақ ұлтына, Қазақстан тәуелсiздiгiне қатерлi екенiн олар өз эгоизмiнiң көлең­ке­сiнен көруге шамалары жетер емес», - дейдi. Бұлардың ең қауiптiлiгi сонда, олар қазақ тiлiнiң еркiн, табиғи дамуына барынша кедергi болып қана қоймайды, оған өзгелердi де үндейдi, шақырады. Осы тұста менiң есiме Мұстафа Шоқайдың «Батыс (орыс деп те түсiнiңiздер - А.Ә.) тәрбиесiн алған зиялыларымыздың аянышты жерi - рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы едi. Батыс тәрбиесi көптеген туыстарымызды халқымыздың жан-дүниесiне сiңген, ұлттық тарихымыздың өн бойында жатқан шығыс зердесiнен айырды. Олар, яғни, Батыс тәрбиесiн алған туыстарымыз басқа жақтан жинаған бiлiмдерiн өз халқының өмiрiмен «шығыс зердесiмен» бiрлестiре алмады. Бiз, әрине, бұл арада «Шығыс рухы» дегеннiң ғылыми, философиялық мағынасына тоқталып жатпаймыз. Бiздiң бүгiнгi күресiмiз үшiн осы «шығыс рухы» «ұлттық рухымыз» болуын және бiз қызметiн атқарып, тiлеуiн тiлеп жүрген халқымыздың тұлабойын осы шығыс рухы кернеп тұрғанын бiлуiмiз жеткiлiктi» дегенi тағы да түсiп отыр. Бiздiңше, Олжас Сүлейменов, Қанат Қабдырахманов секiлдiлерге осыдан артық айтатын сөз де жоқ. Өйткенi, КСРО ке­зiндегi жалпы­адамзаттық және жалпыхалықтық коммунизм еле­сiне айналған идея мен идеология ұлттың барлық қадiр-қасиетiн жоққа шығарып, Олжас Сүлейменов, Қанат Қабдырахманов сияқтыларды тәрбиелеген едi. Сол жолда жұмыс iстеген бұқаралық ақпарат құралдары туралы әңгiме өзiнше бiр төбе болары анық.

Қазiргi адамның сана-сезiмiне әсер етiп жатқан рухани және материалдық құндылықтар аясындағы қарама-қайшылықтар тым күрделенiп кеттi. Материалдық құндылықтардың алға шығып, нарық қарым-қатынасындағы заңсыздық, ешбiр тәртiпке бағынбайтын адами аралас-құраластықтың материалдық құндылықтарға ден алдыруы рухани құндылықтарды екiншi планға ысырды. Ұлттық идеяның қалыптаспай, аш iшектей созылып, тек пiкiрлер қайшылығының негiзi болып қалуының да сыры сонда. Сонымен бiрге, мәселе әлi де болса бiр кездегi социалистiк жүйенiң балалық ауруынан арыла қоймағандардың да оның орындалуына кедергi болып жүргендiгiн елеп-ескерсек, сондай-ақ, бiр кездегi «халықтар достығының лабораториясы» атанған Қазақстан халқының ала-құлалығы, қолдан жасалынған қитұрқы саясаттың әртүрлi себеп-салдарларымен келiп қалған жұртшылықтың қазақты кiндiк - мемлекет құраушы ұлт ретiнде толыққанды мойындамауында болып отыр. Оған қазiргi әлемдегi жүрiп жатқан «өркениет пен мәдениеттер соғысының» да ықпалы аз тиiп отырған жоқ. Сондықтан да, «бiз кiмбiз, қайда, неге бара жатырмыз?» деген сұраққа жауап берiп, сол жолдағы мақсат-мұратымызды, бағыт-бағдарымызды, ұстанымдарымызды анықтап алуға бiрден-бiр негiз болатын - ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ, ҰЛТШЫЛДЫҚ, ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ екендiгiн толыққанды және жақсы мән-мағынада түсiнгенде ғана iлгерi кеткен ел бола аламыз. Ресей мемлекетiн қазiргi дәрежеге жеткiзген «Москва - третий Рим», «Православия, Самодержавия, Народность», «За веру царя и отечество» деген ұғым-түсiнiктер болса, бiздi де болашақта қа­лыптас­тыратын ұғым-түсiнiктер «ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ, ҰЛТШЫЛДЫҚ, ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ» деген сөздер болуы керек. Сонда ғана бiзге Р.Юсупов сияқтылар: «....У нас (Қазақстанды айтып отыр - А.Ә.) не один, а целых три народа, только они называются по другому - жузы. Правда, время от времени один «народ» «подкусы­вает» другой, чтобы особенно не высовывался, но ничего, мы к этому привыкли. Поэтому назвать нас единым народом как-то язык не поворачивается. В итоге вместо «народности» почему-то выходит «жузовщина» демес едi. Әрине, егер қазақтың «шөптiң басы жел тұрмаса қимылдамайды» деген қағидасына сенсек, пәленiң бәрi өзiмiзден де бар. Руымызды бiлiп қана қоймаймыз - рушыл боламыз, жүзiмiздi бiлiп қана қоймаймыз - жүзшiл боламыз. Сондықтан да, бiзге қарай Р.Юсупов сияқтылар еш қысылмай тас лақтырады. Бiз жалпыхалықтық ұғым-түсiнiкке айналып кеткен «разделяй и властвуй» деген қағиданы ұмытып кеткенбiз. Әйтпесе, әлдебiреулердiң аузынан шығып, көпшiлiкке тарап кеткен руды, жүздi былай қойғанда «батыс қазақтарының жалпы жиналысын өткiземiз» деудiң өзi сол ұлт тұтастығына зиянын тигiзетiн бiрден-бiр қыңыр-қисық iс-әрекет емес пе? Бұл да ойланып, толғанатын жағдай. Бiздiң руыңды бiл - рушыл болма, жүзiңдi бiл - жүзшiл болма дейтiнiмiз сондықтан.

Қазақстан - Еуразиялық кеңiстiкте орналасқан тәуелсiз де егемен мемлекет. Ол қазақтық-ұлттық негiзiн қалаған Керей-Жәнiбек кезiнде-ақ өзiндiк өрке­ниет пен мәдениеттi қалып­тас­тырған мемлекет ретiнде алысты қайдам, оң-солымыздағы Ресей мен Қытайға танымал болатын. Олар оның iшкi-сыртқы саясатымен таныс болып қана қоймай, оған үнемi қоқан-лоқы жасап, кiлең қырына алып келген. Әлi де солай, бiрақ, қазiргi саясаттары су асты ағыстарындай құпияға толы құбылыс. Сондықтан да, ұлттық идея, ұлтшылдық, ұлттық мемлекет ұлтты тұтастыратын (Қазақстанда тұратын жалпы халықты да - А.Ә.) тетiк қана болып қоймай, оны революциялық емес, эволюциялық жолмен iлгерi дамытып, жайынқұлықты жұтып қоятын ғаламдастыру атты аждаһадан сақтап қалатын күш те болуы тиiс. Мұндағы басты мiндет - сырттан келетiн РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарды сараптап-саралап, елеп-екшей алумен бiрге, өзiмiздегi қансiңдi РУХАНИ және МАТЕРИАЛДЫҚ құндылықтарды сыртқа шығаруда да өзiндiк кескiн-келбет, мазмұн-мән, сапалық-сандық қалыптарды арттырмасақ, кемiтпеуiмiз керек. Яғни бұл iшкi-сыртқы саясатта да, экономикалық-мәдениеттiк, қоғамдық тыныс-тiршiлiкте де өздерiмiздi өзгелермен ашық бәсекелестiкке түсе алатын мемлекет болып қалыптастыруымыз керек деген сөз. Бiр кезде Мұстафа Шоқай: «Бiз бұрын патшалық Ресей, қазiр Кеңестiк Ресей деп аталған зынданның темiр торларын аралап жатырмыз», - десе, ендi бiз «Шын мағынасындағы озық елу мемлекеттiң қатарына қосылатын ел болатындығымызды дәлелдеп қана қоймаймыз, сонымен бiрге, iргелi, ұйымшылдығы мен бiрлiгi жарасқан ұлт бола аламыз» деген мақсат-мұратпен, бағыт-бағдармен, ұстаныммен ғаламдастыру атты дәуiрге кiретiн мемлекет екенiмiздi iшкi-сыртқы саясатымызбен дәлелдеуiмiз керек. Қазiр одан басқа таңдау жоқ. Бiзге Алла патшалық Ресейдi күйретiп, КСРО-ны таратып, ендi iргелi ел-жұрт болатын мүмкiндiк берсе, мұнан кейiн ондай мүмкiндiктi бермеуi бек мүмкiн. Сондықтан осынау Тәуелсiздiк пен Егемендiгiмiздi қолдан шығарып алмауға тиiспiз. «Руыңмен у iшпе, қазақ!».

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377