Ташкентте Өзбекстанның бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды
26 қаңтарда президент гвардиясы қызметкерлерінен құралған арнайы оперативті топ Өзбекстанның бұрынғы ішкі істер министрі Адхам Ахмедбаевты ұстаған. Қазір ол ІІМ тергеу абақтысында тергеліп жатыр.
Бір ай бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 52 жастағы экс министрді сатқын деп айыптаған.
22 желтоқсанда парламентте халыққа арнаған жолдауында Мирзияев Ахмадбаевтың сатқындығы үшін 2014 жылы Ислам Каримов таққан «генерал-лейтенант» атағын алғанын айтқан.
«Сіздер білесіздер ме, қазір бұрынғы ішкі істер министрі Ахмедбаевтың қайда барып жүргенін? Ол министр болып тұрғанда сатқындық жасап, бір топқа қосылғанын менің арым қабылдай алмады. Мен екі генералдың погонын алдым!», – деген президент Мирзияев.
Адхам Ахмедбаев 2013 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Өзбекстанның ішкі істер министрі қызметін атқарды.
Ол Шавкат Мирзияев президент болып сайланғаннан кейін, бір айдан соң қызметінен алынған. Бірақ ол президенттің құқық қорғау органдары саласындағы кеңесшісі болып тағайындалған. Үш айдан кейін оны ІІМ академиясына қарапайым оқытушы ретінде жіберген.
Abai.kz