Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
4945 0 пікір 30 Қаңтар, 2018 сағат 10:37

Волкер: Ресей АҚШ-тың Украина жөніндегі ұсынысына барынша ашық болды

Ресей АҚШ-тың Украина шығысындағы БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысты ұсынысына барынша ашықтық танытты. Бірақ Вашингтон мен Мәскеу үшін келісімге келуге әлі ерте деп мәлімдеді АҚШ-тың Украина жөніндегі өкілі Курт Волкер.

Ол Ресейлік әріптесі Владислав Сурковпен Дубайда кездескеннен кейін, үш күннен соң журналистерге сұхбат берді. Осы кездесуден кейін Волкер Киевке барып, Украина президенті Петр Порошенкомен және үкімет мүшелерімен кездескен.

АҚШ бітімгерлік миссиясы қақтығыс алаңында, сонымен бірге украин-ресей шекарасына орналасады деп үміттенеді. Волкердің пікірінше, сол кезде ғана Минск келісімін орындауға мүмкіндік туады.

Украинаның Донецк және Луганск облыстарында Ресей қолдау көрсететін сепаратистермен қақтығыс 2014 жылдың сәуір айынан бері жалғасып келеді. Минск келісімі аясында атысты тоқтату жарияланған. Бірақ тараптар келісімді жиі бұзады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730