Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5214 0 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:18

Зерттеу: Тәжікстанда экстремистерге қосылған әйелдер көбейді

БҰҰ-ның қолдауымен жүргізілген зерттеуде "Ислам мемлекетіне" қосылу үшін Сирия мен Иракқа барған тәжік әйелдері көбейгені айтылған. Олардың көбі күйеулеріне еріп кетсе, мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған әйелдер де жетерлік.

Зерттеуде З. С. есімді Душанбе тұрғынының Сирияға барып, бірнеше уақыттан соң басқа да әйелдерді арбау үшін үйіне оралғаны туралы жазылған. Ол әйелді 2016 жылы құқыққорғау органдары ұстаған.

Соғды облысында түнгі клубтардың бірінде биші болып істеген тағы бір тәжік әйелі экстремистерге қосылу үшін Сирияға кетуге бел буған, бірақ оны 12 жылға қамаған.

Хабарларға қарағанда, биші Р. М. есімді әйел мен оның күйеуін Сирияға бару үшін әйелдің Сирияда жүрген інісі көндірген.

Зерттеу авторалырының бірі, Лондон колледжінің сарапшысы Анна Матвееваның сөзіне қарағанда, тәжік әйелдері жеке бас мәселесін шешу үшін Таяу Шығысқа аттанып жүр.

"Олар өз махаббатын, жарын, жаңа өмір іздеп барады. Бірақ көбіне олар өзге елде күтпеген жағдайдың құрсауына түсіп, экстремистерге қосылудан басқа амал таппайды", - деді Анна Матвеева.

2016 жылы қарашада Тәжікстан ішкі істер министрлігі терроризммен айыпталғандардың суреттерін жариялады, солардың арасында бес әйел болды. Бір әйел қолына автомат ұстап суретке түскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970