Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5369 2 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:21

Иран төрелік сотқа Түркіменстанға қарсы тағы бір шағым түсіреді

Иран Халықарадық төрелік сотқа Түркіменстанға қарсы тағы бір шағым түсіреді. Бұл туралы 29 қаңтарда Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Бижан Зангане (Bijan Zangeneh) мәлімдеді, деп хабарлады Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі.

"Түркіменстан уәжі бойынша, Иран оған 1,5 млрд доллар қарыз екен, бірақ біз берешек одан аз деп есептейміз. Біздің екінші бір шағымымыз Түркіменстанның импортталатын газының сапасына қатысты", — деді министр.

Басылым мәліметіне қарағанда, енді Иранның шағымы үш бөліктен тұрады: ескертусіз газ беруді доғаруы, оның сапасының төмендігі және бағасының қымбаттығы.

Еске салайық, істің сотқа жеткені туралы алғаш рет Иран 2017 жылы наурызда хабарлаған.

"Хроника Туркменистана" басылымының хабарлауынша, 2016 жылдың аяғында Иран мен Түркіменстан жанжалдасып қалған. Оған "Түркіменгаздың" Ираннан 1,8 млрд доллар қарызын талап етуі түрткі болған. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұзаққа созылған келіссөздерден соң тараптар ымыраласқан. Соған қарамастан, 2017 жылы 1 қаңтарда Түркіменстан Иранға газ беруін тоқтатқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969