Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5289 0 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 10:24

Трамп АҚШ Конгресіне елдегі жағдай туралы баяндады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жағдай туралы жолдауын арнады. Трамп елдің экономикалық жетістіктеріне тоқтала келе, қос партияны иммиграция мәселелерін реттеу үшін ортақ шешім қабылдауға шақырды.

Трамп билікке келгеніне бір жыл өткен соң Конгрестің бірлескен отырысында баяндама жасады. Бір апта бұрын қос партияның бюджетке қатысты келіспеушіліктеріне байланысты федералдық үкімет жұмысы жартылай тоқтаған еді.

АҚШ президенті баяндамасында Қытай мен Ресейді "қарсыластар" деп атады. Сонымен бірге ол Конгресті "Иранмен ядролық келісімнің кемшіліктерін реттеуге" шақырып, АҚШ Солтүстік Кореяның қарулануына қарсы "мейлінше қысым көрсету" науқанын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Көптеген мәселелер бойынша Трамп өз әкімшілігінің ұстанымын тағы растады. Солардың ішінде "Ислам мемлекеті" және ""Әл Қаидаға" қарсы соғысты жалғастыру, терроризмге қарсы тұру, АҚШ саясатын қолдамайтын мемлекеттерге көмекті азайту мәселелері бар. Бұған қоса ол Вашингтонның өз әскерін Ауғанстаннан және басқа да елдерден шығару мерзімдерін жарияламайтынын мәлімдеді.

Трамптың баяндамасы 1 сағат 23 минутқа созылды, оны бірнеше мәрте қол шапалақтаумен бөліп жіберіп отырды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969