Сымбат Сұлуова. Азиаданың алауы Алматыға асығулы
Бүгін Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 17: 00 де Азия Олимпиада кеңесінің штаб пәтері орналасқан Эль Кувейтте Алматы мен Астана қалаларында өтетін 7-і Қысқы Азия ойындарының алауы жағылады. Қысқы Азиада тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Алау эстафетасының басталуын «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.
Тұңғыш рет Алау эстафетасы 1936 жылғы Берлин Олимпиадасында қолданысқа енген. Қысқы Азия ойындарында бұрын соңды алау эстафетасы ұйымдастырылып көрмегенін ескерсек, бұл бастамның артар жүгі ауыр. Кувейтте тұтанған Алау Алматы қаласына қаңтардың 12-і күні сағат 11:00 де арнайы ұшақпен әкелініп, эстафета сағат түскі 14:00-де Халықаралық шаңғымен секіру кешенінде бастауын алады. Алау эстафетасының жалпы бағыты мынадай:
Әл Фараби даңғылы, Фурманов көшесі, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі, Абай даңғылы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Достық даңғылы, Шевченко көшесі, Қонаев көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Абылай хан даңғылы, Төле би көшесі.

Алаудың Алматы қаласындағы ең соңғы аялдамасы «Астана» алаңы болмақ. Оңтүстік Астана көшелерімен Азиада алауын ұстап өту бақытына 80 адам ие болды, ал жалпы Қазақстан бойынша 1020 адам Алау факелін алып жүреді. Көпшілікті толғандырған мәселе алаугерлердің тізімінде болып тұр. Ұйымдастырушылар әлі күнге дейін алау ұстаушылардың есімін жариялаған жоқ. Жақсылық Үшкемпіров, Роза Рымбаева, Ольга Шишигина сынды спорт пен өнер саласында оза шапқандардың Алауды алып жүруіне айтар дауымыз жоқ, тек көлденең жандар қосылып кетпесе деген ой ғана бар. Себебі, алаугерлерді таңдау барысымен халық толық құлақтандырылған жоқ. Ал, «Алау Эстафетасы» дирекциясы бастығының орынбасары Сәрсен Құранбек алаугерлерді таңдау өте әділ өтті деген пікірде.
- Алау ұстаушыларды іріктеу екі кезеңнен тұрды. Біріншісі, маусым және қараша айлары арасында өтіп, өңір басшыларынан құралған комиссия алау эстфетасына өз еркімен қатысқысы келетін азаматтардың өтінішін қабылдады. Екінші кезең қаңтар айының бірінші жұлдызынан басталды. Бұл кезеңге спорт және туризм министрі Темірхан Досмұхамбетов тікелей басшылық жасады, ал комиссия құрамына Анатөлі Құлназаров, Елсияр Қанағатов, Құмар Ақсақалов сынды Азия ойындарының ұйымдастырушылармен қатар, Аманжол Бұғыбаев, Илья Ильин сынды спортшылар да кірді. Бұл азаматтар әділ таңдау жасады деп сеніммен айта аламын. Алматы қаласынан кейін алау тарихы бай Таразға аттанады. Алаудың қауіпсіздік жұмыстарына алаңдаудың еш реті жоқ.
Біз өз кезегімізде ел азаматтарын Алау эстафетасына белсенді түрде атсалысуға шақырамыз. Себебі, бұл сіздің Азиадаңыз!
«Абай ақпарат»