Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2293 0 пікір 15 Қаңтар, 2011 сағат 09:43

Аялдар Күнтуған. Кешіккен уәде

«Ештен кеш жақсы» деген мәтелді кімнің қалай түсінерін білмеймін, осы сөзді біздің ақ жағалылардың ең сүйіп тыңдап, құлақтарына майдай жағып және оны бұлжытпай орындайтынына мен кәміл сенемін. Үнемі қазақ мүддесін кешіктіріп еске алып, «...бұлай істемесек болмайтын сияқты...» деп быды-быдылап пікір білдіріп жататындарына талай куә болдық. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқ басқанда Кәрім Мәсімов айрықша «ой» айтты. Не деді дейсіз ғой. «24 сағат мемлекеттік тілде сөйлейтін телеарнаның қажеттілігі айқын сезіледі», - деді Мәсімов байланыс және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде. Құдай-ау, Қажымұқанұлы өзі түсінбесе де, бір ауық қазақ баспасөзі не қозғап, не жазып жатыр, оларды ойлантатын басты сұрақ не деп те ойламайды екен-ау... Әйтпесе, «айқын сезілетінін» айтып зар қаққалы 20 жыл болғанын білер еді ғой. Қою мұртын қайыра сөйлеп, «мұндай мәселенің шешімін таппай мемлекеттік тілді дамытуды және осы төңіректегі басқа да шараларды ілгері жылжыту мүмкін емес» деп жерден жеті қоян тапқандай «жаңалық ашқанын» көрмейсіз бе?

Айтпақшы, Кәрім Мәсімов мырзаның есіне бұндай бастаманың бұрыннан барлығын, «айқын сезіледі» емес, айта-айта жауыр болған тақырып екенін сала кетейік. Мысалы, 2000 жылдары бүгінгі «Еларна» тұсауын кесер кезде Дәриға Назарбаева ханым мемлекеттік тілге деген асқан «мейірбандылығымен» «бұл телеарна 100 пайыз қазақша сайрайды» деген болатын... Кейіндеп, «оған әлі ерте екен, қазақша телеарналарды қарайтын қауым аз» деп бір-ақ қайырғаны бар. Ия, бір бұл емес, мұндай телеарнаны «әне құрамыз, міне құрамыз» деген жел сөздер елді кезгелі қашан. Үкімет ауысқан сайын құрғақ уәдеге қарық болатын халық қана. Ұмытпасақ, осы Қажымұқанұлының Үкіметке қонжия сала, «жуық арада мемлекеттік тілде сарнайтын телеарна ашамыз әрі өзім де осы тілді көп өтпей үйренемін» деген уәдесі бар-етін. Одан бері атша зулап 5-6 жыл өтті. Оны қойшы, қазақ басылымдары «Уәдең қайда, Үкімет» деп талай мәрте жазған. Бірақ оған ешкім мыңқ етпегесін жылы жауып қойған еді. Бірінші уәдесінің орындалар кезі енді жеткен сыңайлы. Ал «өзімде қазақша үйренемін» дегені... «қара танудан» ары аспай тұрғанын жұрттың бәрі білетін шығар.

Не десек те, телеарнаның ашылғанын барша халық қалайды. Өткен жылы тұсауын кескен «Балапан» балалар арнасының кабельдік жүйеде ғана көрсетілетінін ескерсек, дені ауылда тұратын қазақтардың көре алмай отырғаны жасырын емес. Санмен бірге сапаның да керектігін Мәсімов мырза ұмытпағаны жөн.

Бұл да алдағы 5-6 жылдың бірегей «жоспары» болып жүрмесін деңіз...

«Абай-ақпарат»

0 пікір