Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2603 0 пікір 15 Қаңтар, 2011 сағат 11:37

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ һәм түрлі мәселелер

Қазаққа тәуел оңаша, яки басқалармен бірге ортақ мәселелердің кеңеске бұрын түскендері де бар, бүгін түсіп жатқандары да бар һәм түсейін деп түрғандары да бар. Қазаққа қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни жақсы болса, жақсы болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір болмашы ғана мәселелер сияқты.

Сендердің кеңесейін деп отырғандарың мен туралы іс пе? Менің ісім болса, менің жайымды өзімнен артық ешқайсың білмейсің! Маған керегі мынау деп, жаны бар, есі дұрыс адам айтпас па? Ондай тірлік біздің қазақта күні бүгінге дейін көрінбей тұр.

Қазаққа тәуел оңаша, яки басқалармен бірге ортақ мәселелердің кеңеске бұрын түскендері де бар, бүгін түсіп жатқандары да бар һәм түсейін деп түрғандары да бар. Қазаққа қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни жақсы болса, жақсы болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір болмашы ғана мәселелер сияқты.

Сендердің кеңесейін деп отырғандарың мен туралы іс пе? Менің ісім болса, менің жайымды өзімнен артық ешқайсың білмейсің! Маған керегі мынау деп, жаны бар, есі дұрыс адам айтпас па? Ондай тірлік біздің қазақта күні бүгінге дейін көрінбей тұр.

Бұрын қазаққа тәуел я ортақ мәселелер қозғалған кезде, қазақ үні шықпағанда ойлаушы едік: қазақта газета жоқ, не істеліп, не болып жатқанын қайдан білсін? Біліп тұрса, қазақ та басқалармен қатар жандығын, жұрттығын білдірер еді ғой деуші едік. Мәселен, 1910-шы жылы бастауыш мектептер туралы Думада кеңес болғанда: мектептерде оқу орыс тілімен оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілімен оқыту тиіс деп, орыстан тілі басқа жұрттар, оның ішінде біздің ноғай бауырларымыз, тұс-тұсынан те-леграмды жаудырып жатқанда, қазақ дыбысы естілмеген.

Қазақтар неге аузына су алғандай үндемей отыр дегендерге: қазақта газета жоқ. Думада не мәселе қаралып жатқанын қазақ білмей жатыр деуші еді. Олай деп қазақты әншейін ақтау үшін ғана емес, өзіміз солай ғой деп ойлағандықтан айтушы едік, әттең, газетаның жоқтығы! Төбе басына қойған қарауылшыдай көзіне ілінгенін, құлағына естілгенін мезгілінде білдіріп тұратын хабаршы газета болса, осы кемшіліктер қазақта болмас еді-ау деп, тісті қайрап, бармақты шайнаумен болып едік.Онан кейін: бүйтіп отырып қазақ жұрт қатарына еріп іс істей алмас, әр орында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау болар да отырар. Бұған көз, құлақ, тіл болғандай нәрсе қажет деп, газета шығардық. Газета шыққаннан берлі қазаққа не керегін, ол не керегіне қолы жету үшін не керегін әркім білгенінше, қолынан келгенінше жазып жүр, құлағына салып жатыр. Қазақ туралы мұндай мәселелер қозғалып жатыр һәм қозғалмақшы, оны да газета жазбай тұрған жоқ. Мүфти мәселесі қозғалады деп жазылды, билік өзгеріледі деп жазылды, екі орыс, бір қазақ мәселесі жазылды, бауыздамай мал сою мәселесі жазылды. Қазақ көре, біле отырып, басқалармен қатар іс ете алмайтынын енді көрсетті. Жоғарғы айтылған төрт мәселенің екеуі, мәселен, билік пен екі орыс, бір қазақ - қазаққа ғана тәуел мәселелер, онан басқа екеу, мәселен, мүфтилік пен мал бауыздамау - Россиядағы барша мұсыл-мандарға ортақ мәселелер. Қазақтың басқалармен қатар жұрттық қыла алмайтындығы оңаша өзіндік мәселелерден сезілмесе де, ортақ мәселелерден анық көрініп тұр. Мүфтилік пен мал бауыздамау турасында басқалар не істеп жатыр? Қазақ не істеп жатыр? Қазақтың түріне қарағанда, айтылған төрт мәселе «не болса, ол болсын, бізге бәрібір» деген сияқты. Қазақ жайын білмейтіндер қазақ солай деп отыр екен деп һәм ұғады. Қазақ шала мұсыл-ман, оларға малды бауыздау, бауыздамау бір есеп, сондықтан олардың басқалардай күйзеле қоймайтыны дейді.

Малды бауыздау, бауыздамау қазаққа бір емес екенін біз білеміз, басқалардың қазақпен араласып жүргендері ғана біледі. Қазақтың қарасын көрмегендер қазақ жайын қайдан білер? Қазақ аң сықылды арам, адалды айырмайтын халық деп біледі. Жоғарыда айтылған мәселелер қазақтың нақ жанына бата қоймайтын мәселелер десе де, тіпті керексіз меселе деп білгендіктен емес. Қазақ керек қылмағандықтан үндемей отыр ма? Қазақ үндемей отырғаны естімегеннен емес, керексінбегендіктен емес, жандығының жоқтығынан, үрейсіздігінен. «Малды бауыздамай сойыңдар, мүфтиліктің қазаққа керегі жоқ, дінің жоғалу үшін екі орыс, бір қазақ болып отырыңдар. Тілің жоғалу үшін балаларынды баста-уыш мектептерде орыс тілімен оқытындар» деп біз айтсақ, үндемек түгіл, дүнияны басына көшірер еді. Дінді керек қылмайтын шала мұсылман деп отырған қазақтар діншіл болып, аузына су алғандай үндемей отырған молдалар шешен болып, үрейсіздер батыр болып, қандай бізге әкіреңдер еді! Оны басқалар білмесе де, біз жақсы білеміз. Билік туралы жазылғанда, «қазақтың дін ісінен басқа дүнияуи, ягни тіршілік істері, шариғатқа қарамай, билік қарауында болу керек, өйткені шариғат - бір айтылып, тас сияқты қатып қалған, өзгерілмейтін жол, тіршілік күн сайынбөзгеріліп тұрады. Сондықтан тіршілік ісі өзімен қатар өзгеріліп тұратын жолда боларға тиіс» деген сөз айтылып еді. «Шариғат тас сияқты қатып қалған» деген сөзге шамданып, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, Білмейтінімізді бетімізге басып, талай адамдар ашуланып,басқармаға хат жазды. Шариғат қатқан тас сияқты дегенге жаны күйзеліп хат жазып отырған қазақтар мұның әкесіндей жоғарыда айтылған мәселелер болмашы, жанға батпайтын мәселелер деп үндемей отырар ма? Үндемеу себептері басқа шығар дейміз. Ол себебін бізден гөрі қазақтың өздері, әсіресе молдалары артық білсе керек.

Біз дін жайынан сөйлесек, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, ауыз аштырмайды, жеріме түстің деп, аяқ бастырмайды. Сондықтан біз дін істері туралы пікір айтуға тартынамыз. Қазақтың дін істері мынадай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдаларымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп. Дін істері туралы пікірін айтып, жоба көрсетуге бірі де жоқ.Мүфти жайынан жазатын қазақтан молда шықпаған соң, ноғай молдасы жазып отыр, 6-шы майда болатын Петербургтағы мұсылман кеңесіне барарлық қазақта қандай молда бар деп сұрағанға еш молданы көрсете алмай отырмыз. Өйткені іске жарарлық қандай молда бар екенін білмейміз. Онда барған молда қазандай қылып ораған сәлдесін көрсетуге бармайды. Қазақтың дін істері қай жөнді, қай тәртіпті болу жағынан толық мағлұмат берерге барады. Қараңғы халыққа түндікті бүркеп, қараңғылап қойып, шариғат соғатын молдалар қазақ арасында көп екенін білеміз, бірақ білімін жарыққа шығарып көрсетпеген соң, Петербург кеңесіне қайсысы жарайтынын біле алмадық. Білімін жарыққа шығарып жүрген қазақта бір-екі молда бар екенін де білеміз, бірақ олардың сөзін басқа молдалар қуаттамай тқрған соң, кеңестегі сөзін де қуаттамас деп, оларды да көрсете алмадық.

Сөйтіп, әуелі, біз туралы мәселелер қозғалып жатыр екен деп, көңілі селт еткен қазақтарды көре алмай тұрмыз, екінші, қазақ рухани істері мынау женді, мынау тәртіпті болуға тиіс деп, жоба жасаған молдаларды көре алмай тұрмыз һәм қазақтың рухани істері туралы Петербург кеңесіне барып, толық мағлұмат берерлік молдаларды да таба алмадық. Қазақтың өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, ахун, имам боларлық молдалар табылар ма? Әлде, деуге жарамаса да, ауыз жеуге жарайтын дейміз бе? Қазақ молдалары да жарыққа шығып, бет-жүзін керсетуі тиіс шығар дейміз.

«Қазақ» газеті

 

 

0 пікір