Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6079 20 пікір 26 Ақпан, 2018 сағат 08:33

Түріктердің жіберген ең үлкен геосаяси қателігі

Интернетте ақтарып отырып, «Жасын» (молниеносный) деген ат алған Баязит пен Әмір Темірдің арасында болған шайқасты бейнелейтін суретке кездейсоқ көзім түсіп қалды. Осы екеуінің қылыш түйістіріп қалғанына қатты өкінемін.

Бұл – сол замандағы түріктердің жіберген ең үлкен геосаяси қателігі болды! Ақсақ Темір үш рет өзінің жасы үлкендігін алға тартып, сол кездегі дәстүр бойынша Баязитке бағын маған (інім бол деп) деген екен. Оның ар жағында Еуропаны бірігіп жаулайық (жиһад жасайық) деген ұсыныс жатқан сияқты. Өйткені Әмір Темір дәл осылай Тоқтамысқа да көмектескен. Ол да бұра тартып кетті. Еуропаны тізе бүктіріп, кресшілердің талай соғыста тас-талқанын шығарған Баязит оған тәкаппарланып, көнбей қояды.

Бір дерекке қарағанда, Баязит осы қарқынмен кете берсе деген оймен Габсбургтің өзі бастаған елу мыңдай адам ислам дінін қабылдауға дайын тұрыпты. Бірақ олардың осы ойына Баязит пен Темірдің арасындағы соғыс кедергі келтірген. Егер Габсбургтер сол кезде мұсылман болса, қазір Еуропаның әр қаласында азан шақырып жатар ма еді, кім білсін?!

Осы шайқастан кейін қатты қуанған папа Римде үш күн бойы шіркеудің қоңырауын қақтырған деседі. Әмір Темірді айтақтаған еуропалық корольдер ме деп қаламын кейде. Өйткені осы шайқас бітісімен, 1203 жылы әмірдің ордасына испан королінің елшілігі келіп, түріктерден құтқарғаны үшін оған алғыс айтқан.

Түрік әлеміндегі тура осындай трагедияға қыпшақ Байбарыс пен найман Кетбұға басқарған «моңғол» әскерлерінің арасындағы бауырластардың қанды қырғынын да жатқызуға болады. Кейін осы Ақсақ Темірдің ұрпағы Бабыр сұлтан бар әскерін алып, Үндістанды жаулап алуға аттанып кетті де, орыстың (Темір өзін Тұранның әмірімін деп атаған) Тұранға жорығы басталды.

Меніңше, мықты қолбасшы болғанымен, екеуі мықты саясаткер болмаған. Әйтпесе бірдеңе қылып татуласуға болатын еді ғой деп қоямын. Ж

Кенжебек Оңалбекұлы

Facebook-тегі парақшасынан

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321