Еліміздің белді БАҚ жетекшілері Қазақстанның құрметті журналистері атанды
Алматы. 17 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның белді БАҚ жетекшілері Қазақстанның құрметті журналистері атанды. Олардың арасында халықаралық ҚазТАГ ақпараттық агенттік жетекшісі Ирина Бектиярова, «Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, «ОКО» газетінің бас редакторы Болат Ережепов, «МК-Қазақстан» газетінің бас редакторы Любовь Краснова, «Экспресс-К» газетінің бас директоры Алексей Пан бар.

Олар жоғары наградаларды «Қазақстан журналистикасын дамытудағы ерен еңбегі мен қосқан қомақты үлесі үшін» алды, делінген Қазақстан журналистер одағының шешімінде. Одақ жетекшісі Сейтқазы Матаев оларды «осы белгімен марапаттау – биыл тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлағалы отырған еліміздің журналистік қауымдастығымен олардың сіңірген еңбегін мойындауы» екенін атап көрсетті. «Олар тек қана кәсіби біліктілігімен ғана емес, тамаша ұйымдастырушылық қабілетімен де, сонымен қатар демократиялық қоғамның дамуының маңызды факторы болып табылатын белсенді азаматтық ұстанымымен де ерекшеленеді», - деді С. Матаев.