Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 8601 8 пікір 1 Наурыз, 2018 сағат 09:26

Дос Көшім. Президенттің сөзі заңмен бекуі керек

Жұрт «Президент «Үкімет пен Парламент қазақша сөйлесін» деді» деп мәз болып жатыр, ал мен дал болып отырмын.

Біріншіден, бұл мәселе сөзбен емес, заңмен шешілуі керек. Егер Президенттің сөзі Жарлық ретінде шықса ғана, «шүкір» деуімізге болады. Сөз айтылады да, қалады...

Екіншіден, Қазақ елінің Үкіметі мен Парламенті Президент айтпаса, мемлекет тілде сөйлемейді екен деген тұжырым жасауға әбден болады екен. Бұл – осы екі органның, оны басқарып отырған адамдардың патриоттықтан, мемлекетшілдіктен жұрдай екендігінің дәлелі.

Үшіншіден, егер Президенттің айтқанын осы екі мемлекеттік орган жүзеге асырса (оған үлкен күмәнім бар, себебі «ілеспе аударма жасау мүмкіншілігі әлі жасалған жоқ» деген сылтау дайын тұр), бұл - қазақ қауымының өлгені. Демократиялық елде Халық Президентке айтқанын жасатады, ал бұл жерде, керісінше, Президент Халық өкілдеріне нұсқау беріп отыр. Демек келесі бір Президент «қытайша сөйлеңдер» десе, ертеңіне Үкімет пен Парламент қытайша сөйлеуге көшеді деген сөз! Біле білсек, бұл - аса қауіпті де қорқынышты қадам!

Өз басым, ешбір елде, ешбір жерде мемлекеттік тілі бар елдің Үкіметі мен Парламентіне мемлекеттік тілде сөйлеу керек деген үндеуді естімеппін.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303