Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2501 0 пікір 17 Қаңтар, 2011 сағат 09:48

Қанат Сіләмұлы: «Отаныма оралдым»

Қанат Сіләмұлы: «Отаныма оралдым»

Тағдырдың жазуымен, алмағайып заманда атажұрттан көз жазып қалған жер бетіндегі барша қазақтың біртұтас әрі мәңгі мызғымас Отаны - Қазақстан екені Аллаға да, адамға да аян.

Алаш елінде азаттықтың көк туы желбіреген сәттен бастап, күні бүгінге дейін «ата-бабамның сүйегі жатқан, туған топырағым, айналайын атамекенім», - деп аңыраған қазақ көші бір сәтке де толастаған жоқ.

Міне, Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында кеше ғана жат жұрттың атынан байрақты бәсекеге түссе де, қазақтың абыройын асқақтатқан Алаштың арыстан ұлдарының бірі боксшы Қанат Сіләмұлы Отанына - мәңгілік жерұйығына оралды. Біржолата.

Қазақ жұдырығының құдіретін Қытайда жүріп мойындатқан қандас бауырымыз Қанат Сіләмұлы туған жерге түбегейлі оралды! Қытай құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған жуан жұдырық иесін атамекенге оралуымен «Аbai.kz» порталы алғашқылардың бірі болып құттықтап, кіндік жұртқа жайғасып, орналасу жайынан аз-кем әңгіме дүкен құрған болатын.

- Қанат, атажұрттың топырағына басқан қадамың құтты болсын!

- Рахмет! Негізі, Қазақстанға келіп - кетіп жүргеніме он жылдай уақыт болды. Тарихи Отаныма ат басын тіреу бала кезден бергі арманым еді. Сол арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жаратқанға ризамын. «Жер су» корпорациясының басшысы, боксқа жанашыр болып жүрген азамат Бауыржан Оспанов ағамыздың қолдауымен Алматы облысына отбасыммен көшіп келдім. Енді азаматтық алу үшін құжат жинау үстіндемін.

- Бір басыңыз екеу болып, шаңырақ көтергеніңізден де хабардармыз...

- Иә, осыдан  тура бір ай бұрын алматылық Гүлмира есімді арумен бас қосып, шаңырақ құрғаным рас. Ата-анама келін сыйлап, қуантып жатқан жайым бар.

- Жеке өміріңдегі жағымды жаңалықтарға шын көңілден ортақпыз! Енді спорттық ғұмырыңыздағы өзгерістер туралы айтсаңыз... Сізді кәсіби боксқа ауысуы мүмкін деген сыбыс бар..

-Бүгінгі күні елімізге кеңінен танымал бапкер Тұрсынғали Еділовтың қол астында жаттығудамын. Менің ең негізгі мақсатым  - 75 келі салмақта Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алу. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсету мен үшін үлкен жеңіс екенін де ескерткім келеді. Осы ойымды жүзеге асыру үшін аянбай тер төгіп жатырмын.

- Бұл салмақта сізге негізгі қарсылас кімдер деп санайсыз?

- Ұлттық құрама сапында дарынды жастар өте көп. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Еңбектенсең, бәрін де жеңуге болады.

- Олимпиаданың қола жүлдесіне жеткенге дейін  сіздің талантыңыз Қытай елінде шыңдалды. Жүлдеге қолы жеткен соң, туған жеріне кетіп қалды деп ол жақтағылар өкпе айтпайды ма?

- Жоқ, туған топыраққа табан тіреп, Қазақстанның атын асқақтауды мен баяғыдан бері армандадым. Ал Қытай спортшыларға зәру емес,  жүлде әперер оғыландар ол жақта жетіп артылады.

- Жаңа мекенге үйренісіп кету қиындық туғызып жатқан жоқ па? Қанша дегенмен, ес білгелі туған елден жырақта жүрдің...

- Әрине, туған жерге  оралғаным үшін шексіз бақыттымын! Өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болып, халқымның кәдесіне жарасам жеткілікті. Қытай он жерден дамып кетсе де, атамекенді алмастыра алмайды. Мұнда бәрі де жақсы, тек тіл жағынан қиналып жүргенімді жасырмаймын. Өйткені, ресми тіл ана тілімізге қарағанда жиірек қолданылады. Ал, мен орысша білмеймін.

- Осы орайда Қанаттың мүмкіндігі мен әлеуетін білу мақсатымен  ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен талантты боксшының жеке бапкері Тұрсынғали Еділовті  сөзге тартқан едік

Мырзағали Айтжанов:

- Қанаттың құжаттары әлі  толық дайын емес. Егер, құжат жағы еш кедергі тудырмаса,  ол Қазақстан чемпионатына қатысып, өз салмағында чемпион атануға тырысу керек. Сөз жоқ, Қанат өте тәжірибелі боксшы. Қазақ елінің абыройын асқақтатуға шамасы жетеді. Ұлттық құрамада оған Данабек Сужанов, Нұрдәулет Жармановтар қарсылас атануы мүмкін.

Тұрсынғали Еділов:

- Қанаттың әлеуетін кешегі өткен турнир көрсетті деп ойлаймын.  WBS нұсқасы бойынша  өткен сайыста қарсыласын есінен тандырды. Өте талантты боксшы, Лондонға бару үшін алдымен Қазақстан біріншілігіне қатысамыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527