Сенбі, 23 Қараша 2024
4514 2 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:34

Путин кеңесшісі: Ресей әлемдік интернеттен кетуге дайын

Ресей техникалық тұрғыдан әлемдік интернеттен кете алады, бірақ бұл процесс тиімсіз. Осылай деп Ресей президентінің интернетті дамыту жөніндегі кеңесшісі Герман Клименко НТВ телеканалына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол қазір Ресей президентінің нұсқауы бойынша арнайы шенеуніктерге арналған интернет желісінің ресейлік сегменті жұмыс істейтінін айтты.

​Клименко бүкіл әлем интернетті реттеумен айналысып жатыр, мұны ішінде Ресей де бар дейді. Бірақ Путин кеңесшісі "солтүстік кореялық немесе кубалық секілді қысылтаяң әрекеттер жасамайтынын" атап өтті.

Ресей президенті мемлекетке Рунетті бақылауға алуды көздейтін "Байланыс жөніндегі" заңға өзгертулер енгізуді тапсырған.

Путиннің арнайы тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан "Сандық экономика" бағдарламасы жобасына сәйкес, 2024 жылы 95 пайыз трафик ресейлік желі арқылы өтуі тиіс. Сонымен бірге биыл Рунеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы жоба әзірленуі тиіс.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364