Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4675 1 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:36

Астана соты вице-министр Сәдібековті қамауға алу туралы шешім шығарды

Астана соты жемқорлық ісі бойынша күдікке ілініп, ұсталған Қазақстанның энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековті қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Сәдібеков Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту үшін мемлекет қазынасынан бөлінген бір миллиардтқа жуық ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген.

Астанадағы № 2 Алматы аудандық сотының шешімімен Сәдібеков екі ай тергеу изоляторына қамалды.

Өткен аптада коррупцияға қарсы қызмет энергетика министрлігінің қалдықтарды басқару департаментінің басшысы Жан Нұрбековтің де ұсталғанын хабарлаған. Ол да сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

Бұл іске қатысты "Аймақ" мердігер ұйымының басшысы Д. Дуанбек те ұсталған. Соттың хабарлауынша, аталған ұйымның екі өкілі Серікбай Жұмалинов пен Бекзат Қадірберлин де тергеу ісі бойынша екі айға қамауға алынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1267
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2804
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 915
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 864