Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2606 0 пікір 18 Қаңтар, 2011 сағат 20:12

Ләззат Қожахметова. «Қазақ» газетi һәм тәуелсіздік

XIX ғасырдың соңғы ширегiнде шыққан қазақтың тұңғыш ұлттық баспасөзi «Түркiстан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаятының газетi» (1888-1902) тарихта ұлттық ой санаға қозғау салуымен кұнды. Бiрақ осы газеттер тағдыр талқысына түскен халыққа күйзелiстен шығудың дұрыс жолын көрсетiп беруге мүмкiндiгi болмады. Себебi, халықтың қамын жейтiн азаматтар iлуде-шалу, бiрiгiп бас қоспаған болатын. Екiншiден, халықтың азаттыққа деген ұмтылысын отаршылдық саясат аямай тұншықтырып отырды. Аумалы-төкпелi кезеңде ел тiзгiнiн өз қолдарына алу идеясы әлi пiсiп-жетiлмегендiктен ұлттық болмысты бейбiт жолмен сақтап қалуды ұстануы заңды едi. Тұншыққан күрескерлiк қозғалыс XX ғасырдың басында құлаш жайып, бостандық идеясы өрiс ала бастады. Ресейдегi 1905 жылғы революцияның сарыны отарлық бұғауында бұлқынған елдерге де жеттi. 1905 жылы маусым айында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқыған азаматтар Қоянды жәрмеңкесiнде алғаш топтасып халықты отарлық шырмауынан тек саяси күрес арқылы құтқарамын деген бiтiмге келедi. 14500 адамның қолы қойылған Петербургке жiберiлген әйгiлi «Қарқаралы петициясы» осы кезде жазылады. Тарихта халықтың бiрлiгi мен тұтастығы жолында жасалған бұл батыл қадамды «Алаш» партиясының тұңғыш съезi деп те бағалап жүр. Қалай десекте осы басқосуда жасалған түйiн қазақ оқығандарының елдiктi сақтауда курескерлiк тарихындағы негiзгi нысанысына айналды.

XIX ғасырдың соңғы ширегiнде шыққан қазақтың тұңғыш ұлттық баспасөзi «Түркiстан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаятының газетi» (1888-1902) тарихта ұлттық ой санаға қозғау салуымен кұнды. Бiрақ осы газеттер тағдыр талқысына түскен халыққа күйзелiстен шығудың дұрыс жолын көрсетiп беруге мүмкiндiгi болмады. Себебi, халықтың қамын жейтiн азаматтар iлуде-шалу, бiрiгiп бас қоспаған болатын. Екiншiден, халықтың азаттыққа деген ұмтылысын отаршылдық саясат аямай тұншықтырып отырды. Аумалы-төкпелi кезеңде ел тiзгiнiн өз қолдарына алу идеясы әлi пiсiп-жетiлмегендiктен ұлттық болмысты бейбiт жолмен сақтап қалуды ұстануы заңды едi. Тұншыққан күрескерлiк қозғалыс XX ғасырдың басында құлаш жайып, бостандық идеясы өрiс ала бастады. Ресейдегi 1905 жылғы революцияның сарыны отарлық бұғауында бұлқынған елдерге де жеттi. 1905 жылы маусым айында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқыған азаматтар Қоянды жәрмеңкесiнде алғаш топтасып халықты отарлық шырмауынан тек саяси күрес арқылы құтқарамын деген бiтiмге келедi. 14500 адамның қолы қойылған Петербургке жiберiлген әйгiлi «Қарқаралы петициясы» осы кезде жазылады. Тарихта халықтың бiрлiгi мен тұтастығы жолында жасалған бұл батыл қадамды «Алаш» партиясының тұңғыш съезi деп те бағалап жүр. Қалай десекте осы басқосуда жасалған түйiн қазақ оқығандарының елдiктi сақтауда курескерлiк тарихындағы негiзгi нысанысына айналды. Петицияға өзек болған ой-пiкiрлер А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газетiнде өрбiп, пiсiп-жетiлiп, кейiннен «Алаш» автономиясын кұруда тарих сахнасында өз мiндетiн атқарып, шықты. 11 тармақтан тұратын петицияның 3-пунктiнде «Қазақ» халқының ағымдағы қажеттiлiктерiн айқындау үшiн қазақ тiлiнде газет шығару керек, ол үшiн цензурасыз газет шығарудың және баспахана ашудың ешкiмнiң келiсiмiнсiз шешетiн тәртiбiн орнату талап етiледi» делiнген. Осылай тұңғыш рет қазақтың ұлттық мүддесiн қорғайтын сұраныс күш бiрiктiрудiң, саяси тәуелсiздiкке жетудiң басы болды. Өмiрiн халқының бостандығы жолындағы күреске арнаған А. Байтұрсынов Қарқаралы петициясында ойға алған биресми газет шығару iсiне ден қояды. Азаттықты аңсаған қазақтың үш арысы Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсыновтар тұңғыш тәуелсiз «Қазақ» газетiн шығаруға жұмылады. 1913 жылы «Қазақстан» (1911-1913), «Ешiм даласы» (1913-1914), «Айқап» (1911-1915) басылымдары жарық көрдi. Одан бұрын шыққан «Серке» (1907) мен «Қырғыз» газетiнiң ғұмыры ұзақ болмады. Патша цензурасы тыйым салды. Осы газеттердiң iшiнде шоқтығы биiк «Қазақты» тұңғыш саяси тәуелсiз атауымызың өзiндiк себептерi бар. Өз кезiнде үлкен беделге ие болған газет басқа басылымдар секiлдi халықтың бiр бөлiгiнiң ғана мұң-мұқтажын айтып қана қоймай, жалпыұлттық, демократиялық деңгейге көтердi. Тәуелсiздiкке жетудiң сан алуан амалдарын тұтас қарастырды. Мемлекет билiгiн өз қолымызға алуды көздедi. Мемлекеттiк Думаға өкiлдiк сайлауға құқық алуға ұмтылды. Мемлекеттiк Дума патша өкiлдiгiнiң құзырында болғанымен қазақ арасынан сайланған депутат халықтың талап-тiлегiн жеткiзедi, заң қабылдауда қозғау салады деп үмiт еттi. Газетте: Мемлекеттiк Думадағы, әртүрлi партиялардың қызметi, маңызы туралы түсiндiрiп отырды. Заңның қалай жасалатынынан хабардар етiп қана қоймай, кiмнiң пайдасына шешiлетiнiн де жазды. «Егер, - деп жазды «Қазақ» үкiмет қол астындағы халыққа жаны ашыса заңдарын лайықтап жасар едi. Ал бiзде Мемлекеттiк Думаға бұратана халықтан өкiл сайлауға рұқсат жоқ. Сондықтан заңдардың қандай мақсатқа қызмет ететiнi анық. Олай ететiн себебi: халыққа керек иiгiлiктен басқа үкiметтiң көздейтiн өз мақсаты да бар». Оқыған азаматтар бiрiксе етегiмiздi жауып, iргемiздi бүтiндер едiк деген iргелi ойларды ортаға тастаған. Мемлекеттiк Думада қаралған заңдарға талдау жасап, кемшiлiктерiн сынаған. Сонымен қатар, «Қазақ» басқа газеттер секiлдi қаулы-қарарларды тек көшiрiп баспай, халыққа пайдалы-зиянды тұстарына толық тоқталып, сауаттылық танытқан, Мемлекеттiк Думада қазақтан өкiл сайлау басқа халықтармен тең құқылы етедi деген салиқалы ой тастайды. Осының барлығы қазақ халқының мүддесiн көздегенi айқын. Өз заңдарын өзi жасап, билiк қылуды, еркiндiк алуды аңсады. 1916 жылы қазақтан солдат алу нәубетiнде «Қазақ» тағы да халықтың жоқшысы болды. Қазақтан солдат алу мәселесiн көрегендiкпен болжаған газет 1913 жылы қалам тартқан. Ресейде соғыс өртi тұтанғанда осы мәселе газетте жан-жақты сөз болды. Оқырман хаттарын топтастырып берiп тұрды. Газет бетiнде ғана емес, ел арасына барып, саяси түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Қазақтан солдат алу мәселесiн толық шешу үшiн Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Н. Бекметовтардың Петроградқа жүрiп кеткенiн хабарлады. Ә. Бөкейханов, М. Дулатовтар майдан шебiне жiберiлiп жатқан қазақ жiгiттерiнiң жағдайын жақсартуға қатысты. Солдатқа алу газет бетiнде үлкен сөз болды. Ә. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен Орынборда мәжiлiс болып, патшалық үкiметке 18 пункпен тұратын талап қойғанын бiлемiз. Бұл қара бұлттай шырмаған қасiретке ара түсуге ұмтылған iрi қадам едi. Бұл «Қазақтың» әр мақаласынан көрiнiс тауып отырды. Газет қызметкерлерiнiң араласуымен солдатқа алыну 19-43 жастан 19-31 жас аралығына түстi. 1916 ж. оқиғасын зерделей отырып газет халықты арандап қалмауға шақырғанын байқаймыз.

1917 жылғы ақпан төңкерiсiн «Қазақ» газетiмен бiрге қазақ халқы да еркiн бiр тыныс алғандай қалыпта қарсы алды. Газет «бостандыққа қолымыз жеттi» деп жар салды, жаңа үкiметтi колдауға үндеу тастады. Мемлекеттiгiмiздi жасақтай алмасақ елдiгiмiзге сын деген пiкiр газет беттерiн жауып кеттi. Газеттiң көтеруiмен жалпықазақтық тұңғыш съезд өтiп, тәуелсiздiктi баянды ету үшiн 14 мәселе бекiттi. Съезд жұмысын хабарлап, «Алаш» партиясының дүниеге келуiне ат салысты, программасын жариялады. «Қазақ» газетiнiң жарық көруiнде басты мақсат етiп алынған түйiн «Алаштың» да мемлекеттiк негiзiне айналды. Программадағы оқу орындарының ақысыз болуы, ана тiлiнде оқыту, жердi сатпау туралы мәселе бiр-бiрiмен тығыз байланыста жазылып келген болатын. «Қазақтың» бетiнде талқыланып, әбден-пiсiп жетiлiп барып «Алашорданың» қазанына түстi. Ұлттық мүдде бүкiл халықтың саяси бостандығына қол жеткiзгенде ғана мүмкiн екенiн алғаш ашына айтқан «Қазақ». Газет 1917 жылдың қазанында уақытша үкiметтiң тақтан кетуiне байланысты окығандарды жылдамдатып елдiктiң тiзгiнiн қолдарына алуды ұсынды. Алайда бiр жылдан кейiн «Қазақ» газетi өмiр сүруiн тоқтатты. Iле-шала жаңа үкiмет «Алашорданың» өмiр сүруiне тыйым салды. Елдiң дербестiгiн сақтау, туған жердi қорғау сияқты мәңгiлiк тақырып «Қазақ» газетiнде құқықсыздықтан зардап шеккен елдiң отарлаушы елмен терезесiн теңестiруге ұмтылған ниетiнде көрiндi. Империя шеңберiнде автономия алуды көксеген отар елдiң жанайқайы ұлттық баспасөз бетiнде басылды. Халықтың рухын көтерген алаш қайраткерлерiнiң тағдырын «Қазақ» газетiмен тұтастықта қарау тәуелсiз республикамыздың iргетасын қалап кеткен азаматтардың еңбегiн шынайы бағалауға мүмкiндiк бередi. Халықтың дербестiгi туралы ой өрбiту алғаш «Қазақтың» үлесiне тидi. Қазақы ғұмырға бетбұрысты өзгерiстер әкелген «Қазақ» мемлекетiмiздiң құқылық негiздерiн қалыптастырды. Ұлттық мүддесiнен айрылуға бет алған халыққа араша түсiп, газеттiң бағыт-бағдарына жөн сiлтеп, сара жолды нұсқаған А. Байтұрсыновтың еңбегi зор. «Қазақ» деген ұлт атауы бұрмаланып, жазба тiлден ығыстыру күш алғанда газет саяси аренаға қазақтықты сомдады. «Iшкi хабарлар», «Сыртқы хабарлар», «Басқармадан», «Соғыс», «Оқшау сөз», «Газеталардан» деген айдарлар дәуiр ұсынған тақырыптарға барды. А. Байтұрсыновтың газеттiң алғашқы санында «Құрметлу оқушылар!» деген мақаласында айтылғандай «Қазақ» халқының көзi, құлағы һәм тiлi» болды. Осы мақалада құрсаудан босап шығудың жолдарын газет мақсатымен бiрлiкте баяндаған: «Жұрттың бiлiмдi, пiкiрлi. Көргенi көп көсемдерi газета арқылы халықтың алдына түсiп. жол көрсетiп, жөн сiлтеп, басшылық айтып тұрады... Жұртым деп халқының арын ойлаған, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары арқылы халықтың сөзiн сөйлеп. пайдасын көрген, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзiн шұқытпасқа тырысады» - деген. Осылай 1905 жылы дүниеге келген құрсаудан босап шығу идеясы «Қазақ» газетiн шығаруға, топтасып дербес мемлекет кұруға жетеледi. Осы кезеңдегi үш қатер жерден айрылу, саяси билiктен қағылу, ұлт тiлiнiң мәнi жойылуы газет бетiнде жан-жақты жазылды. Себебi, жерiнен, ана тiлiнен айрылған халық ұлт болып қала алмайды. Саяси билiк бас бiрiктiру үшiн қажет едi. Елдiктi сақтауда «Қазақтың» мақсаты сол кезеңдердегi басқа басылымдардан өзгеше болды. «Айқап» маңындағылар да тәуелдi елдердiң қатарында күн кешудiң қайшылығын жан тәнiмен түсiндi. Бiрақ тәуелсiздiкке бейбiт қадамдар арқылы жетудi көкседi. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазағы» батыстық мәдениеттi қолдай отырып, өнер-бiлiмдi тәуелсiздiкке жету жолындағы қару деп түсiндi. Қараңғылықтан сытылып шығудың жолы саяси өмiрге қатынасу деп ұқты. «Қазақ» арқылы ата-бабаларымыздың елдiктi сақтау арманы нақты шындыққа айналды. Өз тiзгiнiмiздi қолға алып демократиялы, құқықтық мемлекет болған шақта тәуелсiздiк жолында қасық қандарын аямай күрескен азаматтар мен ұлттық баспасөзiмiзге шынайы бағасын беру уақыт талабы. Ел болып етегiн жинауды қазақтың оқығандары баспасөз ашудан бастаса, сол жәдiгерлердi халыққа жеткiзу, рухани айналымға салып отыру бүгiнгi ұрпақтың үлесi. Бұл азаттықтың мәңгiлiк күресiн сабақтастырып тұратын күре тамыр.

«arka.medialaw.kz» сайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540