Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2284 0 пікір 19 Қаңтар, 2011 сағат 07:10

Шығыс Қазақстандағы ауылды су басу себебі - гидроқұрылыстарды қысқа лайықты дайындамауда – обылстық ТЖД

Өскемен. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) Күршім ауданы Жаңа ауыл селосын су басуының бір себебін департамент мамандары Қалжыр өзеніндегі гидроқұрылыстарды қысқа лайықты дайындамауда деп атап отырғанын облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тексеріс нәтижесі 18-ші қаңтарда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен өткен селекторлық кеңесте айтылды. ТЖ себептері су айыратын құбырдың қысқа қарай жабылмауында және бөгеттегі жырықтар болып тұр», - деді әкімдіктегілер.

Мамандардың айтуынша, Қалжыр өзеніндегі гидроқұрылыстар жергілікті егістікті жазғы маусымда сумен қамтамасыз ету үшін салынған. Ал 2-ші қаңтардан бері мұнда орнаған 40 градустық қатты аяздан өзен аңғары мұз болып қатып қалған. Сондықтан су құбыр арқылы және бөгеттегі жыралар арқылы ауылға қарай жайылған.

«Аталған жағдай жергілікті басқару органдарының бақылауы жеткіліксіздігінен орын алып отыр. Осы себепті облыстық басқарма өкілдерінің қатысуымен жұмыс комиссиясын құрып, қалалар мен облыс аудандарын аралап тексеріс жүргізу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Бұрын хабарланғандай, 4-ші қаңтарда ШҚО Күршім ауданында Қалжыр өзенінің арнасының қатып қалуынан Жаңа ауыл селосындағы егістіктер мен ауылдағы шамамен 10 ауланың қора-қопсысын су басып, тұрғын үйлерді су шаю қаупі төнген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522