БҒМ «Шымкент университенінің» лицензиясын тоқтатты
Шымкент. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Ел ЖОО-ның арасында ҚР білім және ғылым министрлігінің жүргізген кезектен тыс мемлекеттік аттестация қорытындысында «Шымкент Университетінің» лицензиясы 4 мамандық бойынша уақытша тоқтатылды, деп университеттен бейсенбі күні кешкісін хабарлады.
«Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бакалавриаттың төрт мамандығы: - «география», «экономика», «есеп-аудит» және «қаржы» мамандықтары бойынша ШУ-ін аттестацияламау туралы бұйрық шығарды», - деп оқу бөлімінің бастығы Анар Сабдалина мәлім етті.
Оның айтуынша, университеттегі тексеру екі айдай уақыт жүрді. Соның қорытындысында бірқатар кемшіліктер анықталды. «Ғылыми атағы бар мұғалімдер үлесі аз, аталған мамандықтардың жекелеген пәндері бойынша кітап қоры мен оқу-әдістемелік кешен құралдарының аздығы атап өтілді. Бұл кемшіліктерді белгілі бір уақыт аралығында жою керек», - деп түсіндірді А. Сабдалина.

Ол мерзімді БҒМ үш ай деп белгіледі. Одан басқа университетке Т141 мың мөлшеріндегі айыппұл салынды.