Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2099 0 пікір 20 Қаңтар, 2011 сағат 10:06

«Эйр Астана» 2011 жылы 70-тен астам ұшқышты қайта оқытады

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – «Эйр Астана» әуе компаниясы 2011 жылы жұмыс істеп жүрген 70-тен аса ұшқышты қайта оқытады, деп көрсетілген компанияның бейсенбі күні таратылған баспасөз-парақшасында.

Баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта әуе компаниясының штатында 270 қазақстандық және 72 шетелдік ұшқыштар есепте тұр. Олар 22 ұшақты басқарады. Ұшқыштарды жаңадан даярлау бағдарламасы (ab-initio)2008 жылы басталды. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында Флорида Технология институты жанындағы (FIT) америкалық РТС колледжінде Қазақстанның болашақ 33 ұшқышы оқуда. 11 ұшқыш оқуларын бітіріп, ауе компаниясының ұшақтарындағы екінші ұшқыш штурвалына отырды.

«2011 жыл бедерінде қазақстандық ұшқыштар арасынан 35 әуе кемесінің командирлері сапқа қосылады, 12 адам қажетті даярлықтан өтіп, Airbus A320 ұшағының командирі қызметіне біліктіліктерін арттырады. 9 адам Boeing 757/767 ұшағының, 12 адам Embraer E-190 ұшағының командирі болады және 2 адам Fokker-50 ұшағының командирлігіне оқиды», -деп нақтыланған хабарламада.

2010 жылы 4 ұшқыш қажетті даярлықтан өтіп, Fokker-50 ұшағының нұсқаушысы болды, 25 ұшқыш Boeing 757/767 ұшағының нұсқаушысы болу үшін қажетті даярлықтан өтті. 2011 жылы тағы төрт ұшқыш Boeing 757/767  ұшақтарының нұсқаушысы болады, деп хабарлайды әуе компаниясы.

Баспасөз-парақшасында атап өтілгендей, 2010 жылдың желтоқсан айында Fokker-50 ұшағының 12 ұшқышы Embraer E-190 ұшақтарын игеру үшін Францияның жаттығу орталығына аттанды. 2011 жылдың қаңтар айында оларға F-50 ұшқыштарының 8 адамнан тұратын екінші тобы қосылады. Fokker-50 ұшақтарының ұшқыштары Embraer E-190 ұшақтарынан бөлек, Airbus A320 және Boeing 757/767 әуе кемелеріне қайта оқытылады. Тұтастай алғанда 2011 жылы Fokker-50 ұшақтарының 30 ұшқышы реактивті ұшақтарға ауыстырылады. 2012 жылға қарай  Fokker-50 турбовинтті ұшақтарын пайдалану толық тоқтатылған кезде аталған ұшақ ұшқыштарының барлығы реактивті әуе кемелерінде ұшу үшін қайта даярлаудан өтеді.

«Эйр Астана» компаниясы жаттығу орталығының негізі 2010 жылы салынды. Ол үшін жетілдірілген EVPT тренажерлері сатып алынды. Бүгінгі күні орталық Airbus A320 және Boeing 757/767 ұшақтарының кабиналарын елестететін тренажерлермен қамтамасыз етілген. 2011 жылы Embraer E-190 ұшағының тренажері сатып алынады», -делінген баспасөз-парақшасында.

Баспасөз-қызметінің ақпараты бойынша, ұшқыштарды жаттықтырумен Delta әуе компаниясының халықаралық ұшу орталығында оқудан өткен білікті нұсқаушылар айналысады. Қазіргі уақытта 12 адам оқудан өткен, 2011 жылы 8 нұсқаушыны оқыту жоспарлануда.

Air Astana – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен ағылшындық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорыны. Олардың әрқайсысында тиісіншн 51% және 49% акциялары бар. Бүгінгі таңда  Air Astana әуе компаниясының әуе кемелері паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, F50 сынды ұшақтардан тұрады.

0 пікір