Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2283 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 10:43

Семей әкімдігінен қуылған Айнабеков ШҚО облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Өскемен. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен Семей қаласының әкімдігінен босатылған Мейрамхат Айнабеков облыс әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп ШҚО облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, 20-ші қаңтарда, премьер-министр Кәрім Мәсімов Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабековты  «жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындауда жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмағаны, жылу көздерінің жұмысына лайықты бақылау жасамағаны және апаттық жағдайда шара қолданбағаны  үшін» қызметінен босату туралы ШҚО әкіміне тапсырма берген болатын.

Қаланың жаңа әкімі болып мәслихат депутаттарының келісімімен бұрындары Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха аудан әкімі қызметін атқарған 52 жасар Айбек Кәрімов тағайындалды.

0 пікір