Кемерово оқиғасы орыстарды біріктіре түсті
Бір Кемерово оқиғасы орыстарды тағы да біріктіре түсті. Осы халықтың өзіндік дәстүрі, мәдениеті, бауырмалдық қасиеті, БАҚ-тарының жанкештілігі қызықтырады.
Ресей телеарналарының бәрі бірнеше күннен бері әрбір пауза арасында кемероволық марқұм болған ағайындарын еске алып, ұмыттырар емес. Біз ше? Кешегі Аягөздегі жағдайды бұрқыратып суын ағызып, тасытып, қиын жағдайда қалған ағайындарымызды жаңалықтарда көрсеттік те, жайлап-жайлап ұмыттырып жібердік. Түк болмағандай.
Біз үшін Кемерово оқиғасынан бір кем бе? Орыс болмай-ақ қояйық, бірақ олардан үйрену керек. Үйренеріміз көп. Әсіресе, ақпараттық тұрғыда. Ақпаратты тарату, ақпаратты ұсыну мәдениеті тұрғысында.
Дүрәлі Дүйсенбай
Facebook-тегі парақшасынан