Азиада Алауы Павлодарға жетті
Павлодар. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Жексенбі күні кешкісін Азиада Алауы Павлодарға жетті, деп агенттік тілшісі хабарлады.
Павлодар әуежайында Азиада Алауын әкелген ұшақты жүздеген қала тұрғындары қарсы алып, алау кешкісін «Қазақстан Халық банк» АҚ ғимаратына орналастырылды.
Дүйсенбі күні 60 адам алауды екі кезеңге бөлінген маршрутпен облыс орталығының көшелерімен алып жүреді.
«Маршруттың жалпы ұзындығы 12 км. Мәреде символикалық құтыда алау тұтандырылып, гала концерт болады», - деді қалалық әкімшілік баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 2011-ші жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Алауы Алматыға 12-ші қаңтарда Кувейттен келген болатын. Одан кейін Азиада Алауының эстафетасы Тараз, Шымкент және Қызылорда, Ақтау, Атырауға, Орал, Қостанй, Петропавлға барды. Эстафета Қазақстанның барлық аймақтарына барып, Астанаға 30-шы қаңтарда, «Астана-Арена» футбол стадионында Азиаданың ашылу салтанатының басталу шағында мәреге жетеді.
Азиада Астана мен Алматыда 30-шы қаңтар мен 6-шы ақпан аралығында өтеді.