Жұма, 22 Қараша 2024
4441 2 пікір 30 Наурыз, 2018 сағат 09:56

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісімен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстанға таяу күндері келген Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Сенат Төрағасы Кемероводағы апатта қаза болғандарға байланысты көңіл айтты. «Біз осы оқиғада құрбан болғандардың туыстары мен жақындарының орны толмас қайғылыларына ортақпыз», деді ол. Қ. Тоқаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В. Матвиенкоға көңіл айту жеделхатын жолдағанын айтты.

Жүздесушілер Астана мен Мәскеу арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті. Оны қалыптастыруда мемлекет басшыларының рөлі зор екені айтылды. Қ.Тоқаев: «Біз В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануын Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қатынастары мен стратегиялық әріптестігін дамыту бағытының табысты жалғасатынына сенімді кепілдік ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті.

Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарының өзара іс-қимылының келешегіне тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясындағы тығыз байланыстар парламентаралық үнқатысудың маңызды құралы болып қызмет етеді.

Қ. Тоқаев биылғы 10-11 қазандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лилерлерінің VI Съезі туралы хабардар етіп, Ресейдің православ шіркеуі мен басқа да дәстүрлі діндердің жоғары өкілдерінің қатысатынына сенім білдірді.

Қ.Тоқаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен А. Бородавкинді құттықтады және Ресей Елшісі жоғары лауазымында ол біздің елдер арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенім білдірді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302