2010 жылы Алматы облысындағы ТЖ және ЖКО-ларда 873 адам қайтыс болды – ТЖД
Талдықорған. 24 қаңтар. ҚазТАГ – 2010-шы жылы Алматы облысында әр түрлі төтенше жағдайларда 873 адам қаза болды. Тағы 5878 адам әр түрлі дәрежедегі жарақат алды. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметінен хабарлады.
«Алматы облысының территориясында 2010-шы жылы ТЖ департаменті табиғи және техногендік 3338 оқиға тіркеді. Одан келген шығын Т2,1 млрд болды. Төтенше жағдайлар мен апаттарда 873 адам өліп, 5878 адам жарақат алды», - делінген хабарда.
Тіркелген жалпы оқиғалардың негізгі үлесі өртке (1422 оқиға) және ЖКО (1532 оқиға) оқиғаларына тиесілі. Сондай-ақ қар көшкіні, жер сілкінісі, су тасқыны, көпір опырылып құлауы, судағы ТЖ, оқ-дәрі мен қопарылғыш заттар табылып, телефон бұзақылық фактілері тіркелді.

Мемлекеттік өртке қарсы инспекторлар барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен мекемелерде өрт-техникалық зерттеулер жүргізу барысында 35 мың өртке қарсы ереже бұзылу фактілерін анықтапты. Әкімшілік жаза ретінде 3008 жеке, лауазым және заңды тұлғаға жалпы сомасы Т26,9 млн айыппұл салынған.