ҚР Әскери сотының төрағасын атқан оның бұрынғы күйеу баласы 10 жылға сотталды - газет
Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ - ҚР әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровты атқан оның бұрынғы туысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Время»газеті.
«Руслан Едресов, ҚР әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровтың бұрынғы күйеу баласы атасына оқ атқан,осы әрекеті үшін жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген мақалада.
Басылымның еске салуынша, Р.Едресовты еліміздің бас әскери судьясына қастандық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталған болатын.
Дүйсенбі күні Алматы қалалық прокуратурасының қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Рыспек Тұрбашов газет тілшісіне судья Булытбай Мамытовтың 19 қаңтарда Р. Едресовты ҚР ҚК 24 бабының 3 бөлімі (қылмысқа қастандық әрекеті) және 96 бабының 2 бөлімінің «е» тармағы (көп адамның өміріне қауіпті әдіспен жасалған кісі өлтіру) бойынша айыпты деп танып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
«Процесс сотталушының өтінімі бойынша алқа билердің қатысуымен өтті. Алқа билер айыптаушы шешім шығарды. Бірақ әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп нақтылады Р. Турбашов.

Оның айтуынша, мемлекеттік айыптау Р.Едресовты қатаң тәртіптегі колонияға 14 жылға қамауды талап еткен болатын.
Еске сала кетейік, өткен жылы 23 тамыз күні таңертең Р. Едресов бұрынғы әйелінің әкесі С. Байбатыровтың қызметтік көлігінің соңына түсіп, оған аңшы мылтығынан оқ атқан. Осының нәтижесінде судья жараланып, шабуылдаушы бой тасалап үлгерген. Ол 19 қырқүйекте Алматы облысының аумағында ұсталды. Тергеу барысында айыпталушы кінәсін толықтай мойындады.
Газеттің хабарлауынша, оқиғадан кейін С. Байбатыров бір аптадай ауруханада жатты, ал мамандар оның жарақатын «денсаулыққа жеңіл зиян тигізді» деп бағалады. Ол бұрынғы күйеу баласының үстінен сот амалына бір рет, куәлік ету кезінде ғана келді.