Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2644 0 пікір 25 Қаңтар, 2011 сағат 10:18

Айтбай Сәулебектегі. Қазақ өз жерінде неге бай емес?

У шашқан зымырантасығыштар:

1996 жылдан бері Қазақстанға 8 рет зымырантасығыш құлапты.

1999 жылы Қарағанды облысының жерінде екі мәрте, 2007 жылы бір рет «Протон» жарылды. Ресейлік ғарыш орталығы халқымыздың денсаулығына зиян келетіндігі жөніндегі алаңдаушылығымызға пысқырып та қарамады.

Жарылған шахталар:

2004 жылдың 5 желтоқсанында «Шахтинск» шахтасында авария болып, 23 шахтер опат болды. Мемлекеттік комиссия «Жарылысқа өлген шахтерлердің бірі кінәлі. Байқамай беліндегі кислород құйылған ыдысты түсіріп алған» деп қорытынды шығарды.

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Ленин атындағы шахтада қайғылы оқиға қайталанды. 41 шахтер жантәсілім етті. Көмір департаменті  мен шахта басшылары  сотта жауап беруден құтылып, төменгі дәрежедегі инженерлердің соры қайнады. Сот оларды бас бостандығынан айырды. Не үшін? Шахтадағы желдеткіштің жұмыс істемей қалғандығы үшін. Бүгінгі күні «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахталардың бәрінде де желдеткіштердің дұрыс істемейтіндігін, өйткені олардың пайдалану мерзімі баяғыда-ақ біткендігін ҚР Бас прокуратурасының комиссиясы анықтап берді. Сонда әлгі жазықсыздар бекер түрмеге қамалып, зонаға жіберілген болды ғой. Обал-ай!

У шашқан зымырантасығыштар:

1996 жылдан бері Қазақстанға 8 рет зымырантасығыш құлапты.

1999 жылы Қарағанды облысының жерінде екі мәрте, 2007 жылы бір рет «Протон» жарылды. Ресейлік ғарыш орталығы халқымыздың денсаулығына зиян келетіндігі жөніндегі алаңдаушылығымызға пысқырып та қарамады.

Жарылған шахталар:

2004 жылдың 5 желтоқсанында «Шахтинск» шахтасында авария болып, 23 шахтер опат болды. Мемлекеттік комиссия «Жарылысқа өлген шахтерлердің бірі кінәлі. Байқамай беліндегі кислород құйылған ыдысты түсіріп алған» деп қорытынды шығарды.

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Ленин атындағы шахтада қайғылы оқиға қайталанды. 41 шахтер жантәсілім етті. Көмір департаменті  мен шахта басшылары  сотта жауап беруден құтылып, төменгі дәрежедегі инженерлердің соры қайнады. Сот оларды бас бостандығынан айырды. Не үшін? Шахтадағы желдеткіштің жұмыс істемей қалғандығы үшін. Бүгінгі күні «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахталардың бәрінде де желдеткіштердің дұрыс істемейтіндігін, өйткені олардың пайдалану мерзімі баяғыда-ақ біткендігін ҚР Бас прокуратурасының комиссиясы анықтап берді. Сонда әлгі жазықсыздар бекер түрмеге қамалып, зонаға жіберілген болды ғой. Обал-ай!

2008 жылдың 11 қаңтарында «Абай» шахтасындағы жарылыстан 30 шахтер көз жұмып, 14-і ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Шейіт болғандардың 21-нің мәйіті жер астында мәңгілікке көмусіз қалып қойды.

Үш жыл ішінде үндістерге қарасты шахталарда 71 шахтердің құрбан болуы кеншілер қауымының ғана емес, қарағандылықтардың ашу-ызасын тудырды. «Тентек» шахтасының 69 шахтері жарылыс болған күннің ертеңіне аштық жариялап, наразылық білдіріп, талап-тілектері орындалмайынша жер бетіне шықпайтындықтарын мәлім етті. Алыстағы «Қазақмысқа» қарасты( Сәтбаев қаласы) рудниктердің кеншілері де қарағандылық әріптестерін қолдап, жер астынан шықпаймыз деп байбалам салды.

Қандай ауа жұтасыз?

Қазақстан Республикасында ауаға таралатын уытты заттардың 38 проценті Қарағанды облысының еншісінде. Қарағанды, Балхаш пен Жезқазған қалаларындағы ауаны ластаудың көрсеткіші 80 процентке жеткен (облысбойынша).

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Балхаштүрлітүсті металл» өндірістікбірлестігі өткен жылы 594 000 тонна улы заттарды ауаға таратқан (қалдықтар көлемі 4,3 млн тонна).

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның үлес салмағы - 315 000 тонна (қалдықтар көлемі 6,4 млн тонна).

«Қазақмыс» корпорациясының» №1 және №2 Жезқазған кен-байыту фабрикаларының үйінді қалдықтарының құрамынан мыстан басқа қорғасын, мырыш, кадний, барий, рений, тотияйн да табылған. Жиналған қалдықтардың көлемі 20 млн тоннадан астам.

Соңғы жылдары облыс бойынша лас заттарды тарату небәрі жүздеген тоннаға азайған.

Алпауыттар

Қазақ жеріндегі алпауыттар немесе олигархтар Көктен түскен жоқ. Олар біздің қоғамдық жүйеміздің нақты жемісі. Мысалға Владимир Ким мырзаны алар болсақ, ол Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасында «тәжірибеден» өткен қазақстандық. Бұрынғы ағайынды Юндар да, қазіргі Огай да өзіміздің еліміздің кәрістері. Бірақ, бұлардың бір айырмашылығы сол, қасиетті қазақ жерінде байып алысымен шет елге, онда да Ұлыбританияның астанасы Лондонға отбасымен көшіп кеткен ақылды жастар. Өйткені, «Қазақмыстың» бас офисі осы қалада орналасқан( «Неге Алматыда не Астанада емес?» деп сауал тастамай-ақ қойыңыз).

2002-2003 жылдары «Қазақмыс» Адам құқы жөніндегі халықаралық Декларацияны таптап, қарамағындағы кеншілерді құлша жұмсап, тайраңдап, ойына келгенін істеп бақты. Декларацияда жер астындағы ауыр жұмыстағы жұмысшылардың бір ауысымда 6-7 сағаттан артық еңбек етпеуі талап етілгендігіне қарамастан тәулігіне 12-13 сағат бойы бейнетке батырды. Демалыс күндері мен мереке кездеріндегі еңбекақысын төлемей зар қақтырды, кәсіби ауруларға мән бермеді, өндіріс процесі үстінде шейіт болғандарға тиесілі бір жолғы төлемнен бас тартты. Жарақат алғандардың көрген күні тозаққа тең болды. Бір өкініштісі, өз халқын қорғауға тиісті заң органдары, әсіресе сот билігі «Қазақмыстың» «қолшоқпарына» айналды.

Міне, осындай ел басына ауыр күн туған шақта Бүркітбай Насырханов сияқты батыл кенші суырылып алға шығып, олигархқа қарсы шапты. Өткірлігі үшін шахтадағы жұмысына да қуылды. Бірақ, Бүкең бел шеше кірісті. Елбасына дейін өтініш-хаттарды жаңбырша жаудырды. Қанша дегенмен өз жұртына жаны ашитын қазақ азаматтарынан құр алақан емеспіз ғой. Қарағанды облыстық прокуратурасы «Қазақмыстың»  2002-2003 жылдардағы жұмысына кеңінен тексеру жүргізіп, бірталай былықтардың бетін аша білді. Жасыратыны жоқ, қазақмыстықтардың бір серпілген шағы еді бұл. Арнайы комиссияға шағымданушылар легі толастамады. Авария да бірінен соң бірі жалғасып жатқан жауапсыз кезең болатын. Ақиқатында 60 мыңнан астам жұмысшыны «Қазақмыстың» құлдары» деп атауға лайықты жылдар еді сол кез.

Осынау кәріс байшыкештер құтырған шақта ғой( 2003), Ким мырзаның «Известия- Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Қарамағымдағы 500 мың адамға қарсылас кандидаттарды қызанақпен атқылатам» деп шіренетіні. Мәжіліс Парламентіне сайлау өткізгелі жатқан қарбалас сәт. Сонда дейміз-ау, «Қазақмыста» 60 мың кісі еңбек етеді екен, ал 440 мың адамды Ким қайдан тапқан? Жезқазған мен Сәтбаевтың бәр халқының саны 180 мыңнан аспайды. Ұлытау ауданы 18 мың. Бақсақ, ол қазекеңдердің ойдағы-қырдағы туыстарының бәрін қосып атаған екен.

Сол жылдары Юн жергілікті теледидардан жерлестерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, «Біз осы өңірге радиоактивті қалдықтарды әкеп көмуді ойластырып жатырмыз» демесі бар ма? Облыстық мәслихаттың депутаты, «ТМК және К» фирмасының директоры Марғұлан Қыдырманұлы Тұрланов деген азамат ертеңіне тиісті басшыларға сауал жолдап, халықты БАҚ арқылы Юннің ұсынысына қарсы шығуға үндейді. Корпорация басқарушысы да қарап қалмапты. Марғұлан бауырымыздың жалдап алған қоймасындағы жүз миллиондаған теңге тұратын техникалық құрал-жабдықтарын далаға лақтыртып тастайды. Арадағы келісім-шарттарды үздіреді.

Марғұлан да қайсар екен. Алғанынан қайтпады. «Қазақмыс» Мәскеуден Алла Пугачева, Филипп Киркоров тәрізді әншілерді ұшақпен алдырып, жүздеген мың АҚШ долларын шашып жатқанда Жезқазған қаласында тұңғыш рет «Сарыарқа» атты мәдени-көңіл көтеру кешенін ашты. Жезқазғандықтар Марғұланның арқасында бірінші рет боулинг, ресторан-кинотеатр дегеннің не екендігін білді. Сәтбаев қаласының балалары Тұрлановтың жеке қаражатының арқасында карусельде шырқ айналды. Бұл кезде Ким мырза халықтың жағдайына мән берген жоқ болатын. Дегенмен Марғұланның меценаттық игі істері оған да ой салған болуы керек, Сәтбаев қаласынан спорттық және мәдени нысандар салдырып, пайдалануға бергізді. Сөйтіп, қиын шақта халқына жәрдем берген қазақ кәсіпкерінің адал еңбегі тез ұмытылды. Жағымпаз қандастарымыз «кәрістерсіз күніміз қараң» деген қанатты сөзді ұялмастан жиындарда көтеріңкі дауыспен айта бастады. Және өз пікірлеріне өздері қатты ырза болып, дуылдата қол соғатынды шығарды. Енді қайтсын-ай...

Бес жыл бойы мемлекетімізге салық төлемеген, кейін де мардымды салық бермеген, экологиялық салықтан мүлдем бас тартқан «Қазақмыстың» басшысы ақырында дүниежүзіндегі ең бай адамдардың тізіміне енді. Ал өздерін өздері төмендетіп, онысын ақылға балаған қазақтар сол баяғы кедей қалпында әлі де салпылдап жүр.

Сенбесеңіз, «Қазақмыстың» осы ғасырдың басындағы жылдардағы қорытындысын қарап шығыңыз. Жылына 1 млрд  АҚШ долларынан астам таза пайда тапқанда салыққа небәрі 80-90 млн доллар ғана аударған. Бір қызығы, «Арселор Миттал Теміртаудың» да салығы осы шамалас.

Егер салыстырмалы түрде қарастырар болсақ, «Қазақмыстың» Қазақстанның әлеуметтік, мәдени-спорт, тұрмыстық салаларына жасап отырған қамқорлығы басқа компанияларға қарағанда мақтауға тұрарлықтай. Бірақ, онысын Балхаш, Жезқазған қалаларындағы экологияға көңіл бөлмей отырғандығы, ауызсуға немқұрайлы қарайтындығы т.б. кемшіліктері жуып-шайып кететіндей. Қанша дегенмен алпауыттың аты - алпауыт қой. Сондықтан ол көздеген мақсаты үшін жолындағы қарсыластардың бәрін жер қаптырып кетуге дайын.

Қазақшаға аударар болсақ, «Байлық Құдайы» деген мағынаны білдіретін Лакшми  болса қазақ жерінен ерекше бақыт тапқан үндіс кәсіпкері. Ерекше дейтін себебіміз, қазақ жеріне табан тіремес бұрын ең бай адамдардың алдыңғы легінен көріне алмай жүрген Миттал мырза айналасы он жылдың ішінде айынан оңынан туып шыға келді. Ким тәрізді үндіс байшыкеші де бес жыл бойы салықтан құтылды. Ол аз десеңіз, одан кейін төлеуден бас тартқанға ұқсайды. Бұған ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметовтың «Арселор Миттал Теміртаумен» екі мәрте сотта кездескендігі дәлел. Алғашында өткен жылы Астана қаласында талап-арызы сотта қанағаттанарлық деген бағаға ие боп, арнайы шешім шыққанда ҚР Жоғарғы соты үндіс миллиардерді қорғады. Содан салық комитеті Қарағанды ауданаралық экономикалық сотына шағымданды. Обалы не керек, бұл сот та салықшыларды жақтап шешім шығарды. «Арселор Миттал» компаниясы 100 млрд теңгені салыққа төлеуі керек!» деген шешім жер-жерге жақсылық хабаршысы боп тарап кетті. Міне, осы сәтте, дәлірек айтсақ, үстіміздегі жылдың 6 сәуірінде құстай ұшып Лакшми мырза Теміртауға жетті. Жергілікті әкім-қаралар оны еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтауға арналған конференцияда, өткен қаңтарда 30 шахтерді жер жастандырған «Абай» шахтасында сарыла күткенмен, келмеді. Ұялғаннан айтқан болуы керек, көмір департаменті басшылары «Лакшми қатты ауырып, ауруханаға түсті» деп ақтала сөйледі. Ал ертеңіне Лакшмидің 100 млрд теңгесінің тағдыры шешілуге тиіс болатын! Қарағандылықтар 7 сәуірді асыға күтті. Алайда облыстық соттың қадағалау алқасы мәжілісті кейінге қалдырды. Содан сырғи-сырғи келе бір ай өткенде сот қорытындысы Лакшми Митталдың пайдасына шешілді. Біздің салықшылардың заңды жолмен сотқа жүгінгендігі құр даурықпа, құр айқай болды да қалды.

Обалы не керек, Ким мырза Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындарына көп жәрдем беріп келеді. Коммуналдық төлем дегеніңіз осыдан он жыл бұрынғы қалпынан айныған жоқ. Балхаш қаласында Қазақстанда тұңғыш рет күкірт ангидридін тұтып қалатын цех ашу үшін жанталасып жатыр. Ағыбай батырымызға ескерткіш орнатып берді. Қайырымдылығы аз емес. Ал «Арселор Миттал Теміртау» яғни Миттал мырза Теміртау қаласының экологиясына, металлургтер мен шахтерлердің әлеуметтік жағдайына облысқа әкім боп Нұрлан Нығматулин келгенге дейін еш көңіл бөлген емес. Нұрлан Зайроллаұлы үндіс байын қандай жолмен қысқандығын қайдам, «сең орнынан қозғалғандай». Расында Теміртаудағы ауа тазалығы еш сын көтермейді. Шахталардың техникалық базасының 70 проценті ескі-құсқы екендігін ҚР Бас прокуратурасының комиссиясы анықтап берді.

Ең масқарасы сол, «Арселор Миттал» компаниясы келгелі бері, яғни 1996 жылдан бері 179 шахтер құрбан болып, 350 шахтер мүгедек боп қалған. Жыл сайын құйып жатқан инвестициясы да мардымсыз. Қазақша айтар болсақ, шахталардағы техникалық қауіпсіздік жағдайына еш мән берілмеген.     Қысқасы, Нығматулин бастаған еліне жаны ашитын азаматтар( сірә, Елбасынан бата алған болулары керек - ред.) Лакшмиіңізге «Не жағдайды түзейсіз, не кетесіз» деген үкім шығарды. Үндістер де байлықтың мол кенінен айрылмауды мақсат тұтқан болуы керек,  БАҚ өкілдері арқылы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы металлургия мен көмір өнеркәсібіндегі жағдайды қалпына келтіру үшін 1 млрд АҚШ долларын бөлетін болды» деп сүйінші сұратты.

Әлемдегі үш кеніштің бірі «Шұбаркөлді» жекеменшігіне иеленіп алған Машкевич мырза ғана «Сен тимесең, мен тимен...» дегендей аулақта жүр. Өткен жылы Қарағандыға 1 млн АҚШ долларына томограф сыйлаған еді. Әлде, соны үлкен көмекке балап жүр ме? 1985 жылы Шұбаркөл ашылғанда Теңіз ауданы халқы «жерімізден телегей теңіздей байлық табылды. Енді халіміз жақсарар» деп бөркін аспанға атып еді. Олигарх Машкевич бұл күндері теңіздіктерді танымайды. Құдды бір кеніш оның ата-бабасынан сыйға қалдырылған мұра сияқты. 30 шақырым жердегі Ұлытау ауданының суын ішіп отырғанымен, салық төлеуді ұмытқан. Оны айтасыз, кен орны маңындағы қазақ ауылына ауызсу бермей зар қақтырған.

Алпауыттар неге тайраңдап жүр дейсіздер? Оларды басымызға шығарып жіберген өз үкіметіміз екен. Лакшми мырзаға салық төлемедіңіз деп айыптап отырған комитет біздің мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарына сүйеніп отыр. Алайда алпауыт пен үкімет арасындағы келісім-шартта салық мәселесі басқаша, яғни біздің заңымыздан бөлек шешілген көрінеді.

Тоқетері, қазақтың ырысы аузынан жырылып, шетелдік байшыкештің қалтасын қампайтып жатыр!

Енді айтар сөз де қалмағандай...

«qogam.kz» cайты

Түпнұсқадағы тақырып: «Қазақ өз елінде неге бай емес? Немесе инвесторлар қазақтың көсегесін көгерте ме?»

 

 

0 пікір