Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7280 7 пікір 18 Сәуір, 2018 сағат 08:42

"Білмедім Шәкәрімді кім атқанын"

Жаппай тәркілеу науқанынан кейін, қолдағы малынан айырылып аштыққа ұшыраған Шыңғыстау жұртының бас көтеруі 1931 жылғы қыркүйектің 3-і аудан орталығы Қарауыл ауылын шауып, әсіре белсенділерді жазалауға ұласты.

Кейбір деректерге қарағанда толқыған жұрттың жетекшілері әуелі ақылдасып алмаққа елден жырақта, саят қорасында жалғыз жатқан Шәкерім қажының алдына келеді. Бірақ ол Қарауыл құласа да кіндік өкімет құламайтынын, халықты бекерге қырып алатынын айтып көтерілісшілерді райынан қайтуға шақырады.

Алайда көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шәкерімнің өзі де жергілікті НКВД қызметкерлерінің қолынан оққа ұшады.

Абзал Қарасартов жасағының Шәкерім қажыны қалай кездестіріп, қалай атқаны сол кездің өзінде-ақ ел ішіне түрліше айтылды. Шәкерімді атқанын өз көздерімен көрген жасақ ішіндегі жергілікті адамдар таратқан сөздер де әрқилы болып шықты.

Кейбірінде Шәкерім Қытайға қашуға бет алған топпен бірге жүріп Абзал Қарасартов бастаған милиция жасағымен кездейсоқ кездесіп қалады. Топ ішінен бөлініп, ГПУ жасағына қарай жалғыз шыққан Шәкерімді олар қалың тұманда танымай атып тастайды. Бұл версия бойынша бұйрық берген – Абзал Қарасартов, атқан – Абай ауылының мұғалімі, ұлты татар Халитов болып шығады. Оқ тиген Шәкерім қажы «Атпаңдар! Мен сендерге керек адаммын» деп айғайлаған-мыс.

Кейінгі зерттеушілер осы және осыған ұқсас нұсқаларды жасақ құрамында болған адамдардың алдын-ала келісуінен кейін, яғни Абзал Қарасартовтың айтуымен тараған сөз деп санайды. Олар ел ішіндегі басқа да деректерді алға тартып, Шәкерімнің ешбір топ ішінде емес, өзінің саят қорасында, атқа мінгелі тұрған жерінде қапыда атылғанын, атқан Абзал Қарасартовтың өзі екенін жазады.

Ал кейбір нұсқаларға қарағанда Абзал Қарасартов тобы Шәкерімді аң аулап келіп, саят қорасында аттан түсіп жатқан жерінен кездестіріп, тұтқынға алған. Кейін басқа жерге апарып әуелі азаптап, содан соң атып, денесін құр құдыққа көміп кеткен-міс.

1931 жылы басталған осындай кереғар болжамдар әлі күнге жалғасып келеді. (Шәкәрімді кім атты? Не үшін атты? // «Қазақ әдебиеті» 9.06.1989; Шәкәрім қалай атылды? // «Өркен», 27.01.1990; Үшінші оқ кімдікі?// «Түркістан» 2.10. 2008; Қажыны атқан Қарасартов емес // «Жас қазақ», 26.09.2008; Шәкәрімге қатысты үш дерек // «Жұлдыз», 2010).

Дереккөз аzattyq.org

Суретте: Шәкерімнің сүйегі 30 жыл жатқан құр құдыққа қойылған құлыптас. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы. 3 қазан 2011 жыл.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446