Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4237 2 пікір 25 Сәуір, 2018 сағат 15:44

Универлердің академиялық еркіндігі 85%-ға жетеді

Енді универлердің академиялық еркіндігі 85%-ға жетеді. Алдын ала ЖОО ректорлары конкурспен іріктелді. Жаңа мамандықтар еңбек нарығының сұранысына сай оңайырақ ашылады. ЖОО бірнеше коммерциялық қызметпен (стартап компания, фандрайзинг) айналыса алады.
Үкімет оқу ақысын реттемеуі мүмкін.

Министрлік осынша өзгеріс ұсынып отыр.

Меніңше, бұл жоғарғы білім жүйесін нарыққа бейімдеудің ең үлкен қадамдары. Қолдаймын. Себебі Батыста да, Шығыста да универ - үлкен бизнеске айналды. Ал оның басшылары бизнесі өлмес үшін білімді сапалы етіп отырады.

Англияның, басқаның бірнеше ірі ЖОО Дубайда, Қытайда, Африкада, Малайзияда өз филиалдарын ашып тастады. Оған қоса, жүз мыңдаған азиялық студенттер жыл сайын Батыс универлерінде оқуға кетеді.

Әлемде осынша өзгерістер жүріп жатқанда, министрлік жоғарыдағы заңды енгізгенін нарыққа жауап деп түсіндім. Тек енді оқу бағасы өсуі мүмкін. Ол да дұрыс шығар. Сонда дипломның құны артар ма еді. Әйтеуір бір диплом алуың міндет деген ұғым кетер ме еді.

Әйтпесе, қазір қай универ бітірдің, магистр дипломын алдың ба, еш айырмасы қалмай бара жатыр...

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366